Жуырда белгілі белгілі ақын, «айтыстың атасы” атанған Жүрсін Ерман «Балғынбек бастаған әсіредіншіл ақындар айтыстан кетіп жатыр» деп мәлімдеген болатын. Ал әсіредіншіл дегеніміз «Балғынбек уахабист болды» дегенмен бірдей. Алайда Балғынбек және оның әріптестері өздеріне тағылған ауыр айыпты жоққа шығарып, терістеген жоқ. Соған қарағанда, «үндемеген үйдей пәледен құтылады» деген қағиданы ұстанса керек.
Жүрсін Ерман
– Қазақ қоғамының дінге бет бұрғанығына біраз болып қалды. Солардың ішінде әсіредіншілдер де, өтірік дінді насихаттап жүргендер де, өзінің намаз оқитындығын насихаттау арқылы арзан ұпай жинап жүргендер де толып жатыр. Біздің айтыскерлердің арасында бірен-саран болса да солай жүргендер бар.
Дінге шырмалып қалды ма, айтыстан кетіп жатқандары да бар. Балғынбек бастағандар. Көз көріп отырып, оны не үшін жасырамыз? Тілін байлайтын болу керек. Басқа сылтау жоқ.
Мен Балғынбекті жақсы көремін. Аса талантты ақындарымыздың бірі, осы айтысты биікке көтерген санаулы тұлғалардың бірі. Бірақ түсінбеймін оның әрекетін, – дейді Жүрсін Ерман.
Шыны керек, соңғы кезде кейбір айтыс ақындарының уахабистік жолға қалай түскенін түсінбейтін жағдайға жеттік. Өйткені
Алашқа ақыл айтып, бағыт-бағдар беруі тиіс ақындардың өздері адасып кетті. Бұл ащы да болса, шындық.
Досай Кенжетай
Белгілі дінтанушы Досай Кенжетайдың айтуынша, Балғынбек Имашевтың айтыс пен дінді қарсы қоюы үлкен сауатсыздық болып саналады. Өйткені, ислам діні қандайда бір өнер мен ғылымды жоққа шығармайды – «егер Балғынбек ислам дінін жақсы білетін болса, айтыстан кетпес еді».
– Кешегі қазан төңкерісіне дейінгі барлық ақындарымызбен батырларымыз діндар болды. Мәселен, Майлықожа ақын діннің барлық құбылысын біліп, зерттеген адам болатын. Алайда ол өлең жыр айтып, қолынан домбырасын ешқашан тастаған емес. Ал қазір кейбір айтыскерлер өнерді тастап, біржолата дін жолына түсіп жатыр. Өйткені,
елімізде уахабистік-салафиттік саяси идеологиялық жұмыстар қарқынды түрде жүріп жатыр.
Сондықтан Жүрсін Ерманның «айтыскерлер әсіредіншілдікке түсіп кетті»деп шыр-пыр болуы бекер емес – адасқан айтыскерлердің әрекеті салафизм дегенді білдіреді. Бұл, әрине, ауыр айып. Ал өздерін салафит деп айтыптаған Жүрсіннің сөзіне айтыскерлер неге үн қатпай отыр? Себебі, уахабистер қазір бұрынғыдай ашық айқасқа шықпай, үндемей отырып-ақ іс тындыра беретін тәсілге көшіп жатыр. Сондықтан уахабист айтыскерлер Жүрсінге қарсы ләм-мим деген жоқ. Демек, олар өздерінің уахабист екенін мойындады, – дейді Досай Кенжетай.
Әрине, айтыскер ақындардың барлығы бірдей уахабист болып кеткен жоқ. Осы жерде ақындар адасқан әріптестерінің мінін айтыста неге бетіне басып, жөнге салмайды деген заңды сұрақ туындайды. Себебі, айтыстың жазылмаған заңы бойынша, қарсыласын тұқыртып жеңіске жету керек.
– Аламан айтыста уахабистік жолға түскен айтыскердің мінін екінші бір ақын айта алмайды. Өкінішке қарай,
біздің айтыстың қайтыс болып кеткеніне 10-15 жылдың жүзі болып қалды. Өйткені, халықтың мұңы мен мүддесін сахнада айта алмаған ақын – сатылған ақын болып саналады.
Бәрімізге белгілі, айтыста тігілетін жүлде қомақты болып келеді. Ал ақындар жүлде тіккен адамның қас қабағына қарап, айтуға болмайтын нәрсені айтпайды. Егер қарсыласының уахабистік жолға түсіп кеткенін әшкерелейтін болса, айтыстан жүлдесіз қайтуы мүмкін. Құлқынның құлы болып кеткен айтыскерлер мұны өлсе де айтпайды, – дейді дінтанушы.
Соңғы жылдары елімізде уахабистік жолға түскен жастардың саны артып бара жатыр. Бұл, әрине, алаңдатарлық жағдай. Әйтсе де уахабистік ағымды насихаттап жүрген «көсемдер» бұл мәселені мүлде айтқан емес. Олар үшін жастардың намаз оқып, ұзын сақал өсіргені мен қысқа балақ шалбар кигені маңызды болып отыр. Алайда сақалды жігіттердің алды Сирияға аттанып, ал елде қалғаны мұсылмандар арасында фитна тудырып жүр. Бұл аз десеңіз,
қара хиджапқа оранған қазақ қыздары «кімнен екіқабат болып қалатынымызды білмейміз» дейді. Себебі, намазхан жігіттер бір әйелмен 3-4 ай некелесіп, жалыққаннан кейін жұбайын «бауырына» сыйлыққа бере салатын «мәрт» болды.
Соған қарағанда, жөзекшеліктің бұл түрі исламды насихаттап жүрген «көсемдерге» жақса керек. Бір қызығы, уахбистік ағымда кездесетін бұдан да басқа әттеген-айларды» намазхан айтыскерлер айтқан емес.
Осы ретте қазақтың «Ет сасыса тұз себерсің, тұз сасына не себерсің» деген мақалы еске түскенде, ойыңа «айтыскер ақын адасса, кім түзейді, алашым?» деген сұрақ еріксіз оралады.