Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бақытжан Сағынтаев елшілердің Қазақстанға қанша инвестиция тартқанын тексеріп отыруды тапсырды

Сондықтан, менің ойымша, Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министрдің бірінші орынбасары –автор ескерт.), елшіліктермен бірге елге қанша инвестиция тартылып жатқанын қарап, KPI-ды көрейік.

Қай елден, қай елшіліктің көмегімен қанша инвестиция келді, соны анықтайық. Әйтпесе, біз инвестиция көлемін жалпы көрсетеміз. Ал оның ішінде, мүмкін, белгілі бір елшіліктер ғана жұмыс істеп жатқан шығар.

Басқа елдерден қызығушылық бар, бірақ жұмыс жүрмей жатқан шығар. Сондықтан Қайрат Құдайбергенұлы, біз мұны қарайық. Жұмыс болмай жатса, күшімізді салып, көмектесейік”, — деді премьер үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол түрлі инвестициялық форумдар мен іскерлік кеңестерде бекітілетін меморандумдарға талдау жасауды тапсырды.

“Қазір әр облыста инвестфорумдар өтеді, бұл жақсы, әрине. Әр өңірдің мүмкіндіктерін көрсету керек.

Дегенмен сол жиындарда қол қойылатын меморандумдар немен аяқталды? Іске асырылып жатыр ма? Міне осы мәселелерге баса назар аудару керек”, — деді Сағынтаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз