Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бақауов, сіз қызық екенсіз…”. Тіл жанашырын трамвай жолына жатуға не мәжбүрледі?

287

Күні кеше Керекуде болған жағдайы соған дәлел.

Руза апай травмайда отырады. Әлгі трамвай кондукторы аялдамаларды ресми тілде хабарлайды да, мемлекеттік тілді ұмытып кетеді. Руза Бейсенбайтегі 7-ші травмайдың кондукторынан аялдамаларды мемлекеттік тілде хабарлауды талап етеді. Міне, сол кезде трамвай жүргізуші “Қазақ тілі неге керек?” деп тап беріпті. Аузына келгенді айтқан. Осы арқылы қазақша сөйлемейтінін, мемлекеттік тілге түкіргені барын аңғартқан.

Руза апай қайтеді? Намыстанады. Бұған қалай шыдасын? Кондуктормен жұлысып жатпасы белгілі.

Барады да, трамвайдың жолын жаппаққа әрекеттенеді.

Айтыңызшы, бұл арада алғашқы болып заң бұзған кім? Қоғам белсіндісін, ұлт жанашырын травмайдың жолына жатуға кім мәжбүрледі?

Бұл туралы Руза Бейсенбайтегінің өзі былай дейді:

– Бұл бүгін ғана басталған іс емес. Мен ылғи да Павлодарда осындай әділетсіздіктің құрбаны болып келемін. 22 қыркүйекке қарай Астанадан, Алматыдан мені қолдайтын қоғам белсенділері келмек. Облыс, қала әкімдерімен солар да сөйлесіп, қаладағы тілдің жайына қатысты өз наразылықтарын білдіреді.

Мені күйдіріп отырған мәселе мынау.

Болат Бақауов

Әкімдіктегілер “трамвайдың жолын жапсаңыз, Сіздің  үстіңізден қылмыстық іс қозғалады” дейді.

Ал, енді “қазақтың тілі неге керек?” деп мемлекеттің заңына, мемлекеттің тіліне пысқырмаған адамды, қала берді мекемені жауапкершілікке тартуға қауқарсыз. Мен өзімнің жеке басымның мәселесін айтып отырған жоқпын. Әкімдіктегілер мені кекетіп: “Тарихта қалғыңыз келе ме?” деді.

Мен емес,

тілін, дінін қорғай алмаған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов тарихта қалады.

Осыны неге түсінбейді, олар.

Әкімдіктегілер маған тағы хат жазыңыз дейді.

Мен осы уақытқа дейін Керекудегі тіл мәселесіне қатысты 52 хат жазған адаммын.

53 хатты жазуға құлқым жоқ. Бәрібір ештеңе өзгермейді.

Алматы, Астананың белсенділері кіріспей, бұл мәселе шешілмейтініне көз жеткіздім.

Мені Трамвай мекемесі ертеңге шақырып отыр. Осыдан біраз уақыт бұрын осындай уақиға болғанда менен кешірім сұраған еді де, істі жылы жауып қоя салған. Бұл жолы да ана жүргізушіні қызметтен алып, менен кешірім сұрамақ ойлары бар сияқты. Енді кешірім жасай алмайды екенмін.

Ұлт жанашыры Abai.kz сайтына осындай пікір білдіріпті. Бұған Бақауов не дер екен? Тұмсығының астында мемлекеттік тілге, мемлекетке қарсылар білгенін істеп жүр. Бақауов оларды неге көрмейді? Рузаға қолдау көрсетудің орнына, қудалағаны несі?
https://kaz.365info.kz/aza-ty-k-ili-nege-ayau-nemese-bilik-neni-bilmej-zh-r-210288

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз