Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

БАҚ: Трамп айфоны Ресей мен Қытайда тыңдалады

112

Газет мәліметі бойынша, америкалық арнайы қызмет президентке оның жеке әңгімелерін Ресей мен Қытай үздіксіз тыңдайтынын, Қытай арнайы қызметі ол ақпаратты өз мақсатына пайдалануға талпынатынын ескерткен.

Өткен жылдың маусым айында ​генерал Джон Келли әкімшілік жетекшісі болғаннан соң, Трамп Ақ үйдің телефон желісін пайдалануды жиілеткен, бірақ бұл жағдай ұзаққа созылмаған, деп хабарлаған сәуір айында CNN телеарнасы. Көмекшілерінің наразылығына қарамастан, Трамп тыңдалуы мүмкін телефонды пайдалуды қайта жалғастырған. Бірақ президент ол әңгімелердің тыңдалатынын жақсы біледі.

The New York Times газетінің хабарлауынша, қытайлар Трамптың ірі кәсіпкер достарымен әңгімелерін тыңдауға мүдделі. Қытайлар бұл ақпаратты Ақ үй басшысына жақын кәсіпкерлермен байланыс орнату үшін пайдаланады, деп жазды америкалық басылым.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз