Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

БАҚ өкілдері арасында «Қазақстандағы автожол саласы: 30 жылдағы жетістіктер» байқауы жарияланды

135

Vector illustration of hands holding microphones and recorders, journalism symbol

“Қазақстандағы автожол саласы: 30 жылдағы жетістіктер” байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеу шеңберінде өткізіледі.

Байқаудың міндеті: Қазақстандағы автожол саласының қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту.

Байқауға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, жеке авторлар мен блогерлер қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) “Үздік телевизиялық материал”;

2) “Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым”;

3) “Баспа басылымындағы үздік мақала”;

4) “Интернет-басылымдағы үздік жарияланым”.

Байқауға 2021 жылғы 1 қазан мен 10 желтоқсан аралығында мемлекеттік немесе орыс тілінде шыққан жұмыстар қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстар саны шектелмеген.

Қазылар алқасының құрамын тәуелсіз комиссия ұсынады, оған автожол саласындағы сарапшылар мен мамандар және беделді журналистер кіреді. Жұмыстарды бағалау кезінде қазылар алқасы келесі талаптарды негізге алады:

1) берілген тақырыптың өзектілігі және сәйкестігі;

2) тақырыпты ашу тереңдігі және ұсынылған ақпараттың шынайылығы;

3) баяндау стилі;

4) авторлық пайымның бірегейлігі.

Байқауға қатысу үшін материалдарды jolsapapress@gmail.com электронды поштасына жолдай аласыз. Байланыс телефоны: +7 (7172) 739-739.

Жұмыстар 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін НұрСұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы 2021 жылдың 14-16 желтоқсанында шығарылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз