Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

БАҚ: Алматы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада үшін таласады

112

Бұдан бұрын 2026 жылғы қысқы ойындарды өткізуге Австрияның Инсбрук пен Тироль қалалары, және швейцариялық Сьон қызығушылық танытқан.

Ал Insidethegames.biz басылымы өз кандидатураларын Канаданың Калгариі, жапонның Саппоросы, түріктің Эрзурумы мен Алматы қаласы ұсынуы бек мүмкін деп жазады.

Айта кетсек,

Алматы бұған дейін 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізу құқығы үшін қатты таласып, ақыры финалда Пекинге жол берген. Оның алдында 2014 жылғы Қысқы Олимпиада үшін де таласқан (ол Олимпиада Сочиде өтті).

Алматы қаласында коньки жарысынан Еуропа мен Әлем чемпионаты, хоккейден жастар арасындағы Азия чемпионаты, қысқы Азиада және Қысқы Универсиада өтіп үлгерді.

2026 жылғы қысқы ойындарды өткізетін қала 2019 жылдың қыркүйегінде, Халықаралық олимпиада комитетінің Миландағы 132-ші сессиясында анықталатын болады.

Фото: © Sputnik / Анатолий Устиненко

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз