Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Байдың малын аяма!» Ақтөбе облысында мал ұрлаған бақташылар құрықталды.

26-шілдеде осы Алға ауданына қарасты тағы бір шаруа қожалығында да ұрлық орын алыпты. 56 жастағы қожалық басшысының айтуына қарағанда, 51 жастағы бақташы 5 бас ірі қараны қолды етіпті.Келтірілген шығын көлемі 750 мың теңге.

Ал үшінші ұрлық 30-шілдеде Қарғалы ауданына қарасты ірі шаруашылықтың біріне қарасты жайлауда орын алды.

Мұнда 60 жастағы бақташы өзіне ауыл тұрғыны сеніп тапсырған «Еділбай» тұқымды 16 бас қойды қолды еткен. Ол туралы 68 жастағы серіктестік директоры полицияға шағымданғаныпты. Келтірілген шығын 640 мың теңге. Қойлар иесіне қайтарылды.

«Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, оларға қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз