Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бағлан Әбдірайымов әріптесі Ердостың жаңа клипін арзанқол дүниеге балады

102

“Таңғалдыратындай емес енді, кәдімгі ел жасап жатқан клип. Достарым ғой енді, ренжімейтін шығар. Өйткені расында да мен қазір локациясы күшті екен немесе мынандай екен деп көңілдеріне қарап, өтірік мақтап жатсам, ертең эфирден көргеннен кейін «қой, ондай клип емес қой» – дейді ғой”, – дейді Бағлан.

Бұл бейнебаянда Ердос жалғыз емес. Ол «Жігіттер» тобының репертуарына бірнеше трек тарту еткен композитормен дуэт жазыпты. «Мақсатым ән авторларын насихаттау», – дейді танымал төрттіктің мүшесі.

“Ол кісімен араласып жүргенімізге 15 жыл болды. «Жігіттер» квартетіндегі «Кешір мені жаным», «Алдама мені» деген әндердің авторы. «Машақат» деген бейнебаян түсірдік. Сол бейнебаянның тұсаукесері”, – дейді Ердос Қанаев.

Иә, бүгінде тыңдарманы жылы қабылдап, трек хит болғанымен, туындыны дүниеге әкелген өнерпаздың есімі тасады қалып жататыны бар. Тіпті, шоу-бизнес өкілдері, әндерінің авторын ұмытып, олардың атын атауда сараңдық танытқан жағдайлар да жоқ емес.

“Жаңадан шыққан, осыдан екі апта бұрын шыққан әндерімнің авторларын біле бермеймін әрине”, – дейді Зарина Омарова.

“Кейде болады енді айтпай кету. Бірақ шамам келгенше айтып жүремін”, – дейді Серік Ибрагимов.

Дереккөз: Stan.kz 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз