Оралда 21 мамырдағы митингте бейберектсіздік ұйымдастырмақ болуға дайындалған «Абырой» қоғамдық қозғалысының белсенділері ұсталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті хабарлайды.
Фото: БҚО ІІД баспасөз қызметі
«Өзара жазылған хабарламада шабуылдаушы қару – штакетниктерді дайындап, көптеп спирттік ішімдіктер сатып алып қою жайында айтылған» дейді полициядағылар.
«Жер мәселесі туралы бейбіт митингіге шығып, өз ойларыңды айтыңыздар деп халықты көшеге шығарудың астарында заңсыз бейберекет іс-қимыл бүркемеулі жатыр. Осылайша үн қатқан халық алаяқтардың алдау-арбауына түсуі ықтимал еді» деп көрсетіледі БҚО ІІД таратқан хабарламада.
Қазір «Абырой» қозғалысы көшбасшыларының бірі – Жанат Есентаев «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни алауыздықты қоздырды» деген қылмыстық бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарынан өтіп жатыр.
Соттың тіл мамандары Есентаевтың таратқан хабарламасынан ұлтаралық алауыздықты қоздыру белгісі бар деп тапқан. Қазір ол қамауға алынды.
Сонымен қатар, Есентавтың досы Исатай Өтепов те “заңсыз митинг өткізбекші болды” деген айыппен 15 тәулікке қамалған.
Қозғалыс мүшелерінен «Жаңаөзен» деген жазуы бар, қолға тағатын шүберек пен Украинаның туы табылған.
Фото: БҚО ІІД баспасөз қызметі