Атырау қаласының №2 соты Атырау ІІБ екі полицейіне қатысты қылмыстық істі қарады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, сотталушылар өздерін көші-қон полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, Өзбекстан азаматтарын қорқытып, ақшалары мен ұялы телефондарын тартып алған.
«Екі полицей бірнеше рет Өзбекстан Республикасының 5 азаматын заңсыз ұстап, олардан 800 мың теңгеден астам қаржыны жымқырған», –
деп хабарлады Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінде.