Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы 2017 жылдағы алғашқы ойынын Мәскеудің «Спартак» клубына қарсы өткізеді.
Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетпек. Трансляция сағат 19:20-да басталады.
«Барыс» КХЛ-дің плей-офф кезеңіне өтуге тырысуда. Қазір команда 44 кездесуден кейін 65 ұпаймен шығыс конференцияда 6-шы орында, чемпионатта 14-ші орында келеді. Ал мәскеулік клуб әзірге чемпионатта 19-шы орында тұр.