Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Азып-тозып бара ма? Ресейде кедейшілік деңгейі өсіпті

Александр Абрамов, Экономика жоғары мектебінің профессоры:

– Мүгедектер, зейнеткерлер сияқты әлеуметтік жағдайы нашар жандардың табыстары дұрыс есептелмеген. Тағы бір себеп – жұмыссыздар санының артуы. Оған қоса көлеңкелі экономиканың үлесі көбейіп бара жатыр. Өткен алты жылдың ішінде Ресейде кедейлердің саны күрт көбейген. Ал, биылғы өсімінің себебін мамандар нақты айта алмайды.

Александр Абрамов, Экономикажоғары мектебінің профессоры:

– Мұнай бағасы да, ұлттық валюта бағамы да сол қалпында тұр. Кенеттен осындай жағдайға тап болдық. Оны зерттеп, арнайы шара ойластыру керек. Мұқтаж жандардың саны өзінен-өзі азаймайды. Қазіргі жағдай экономика саласына айтарлықтай өзгерістер енгізуді талап етеді.

Дана Нуржан, тілші:

– Бұл жерде мамандар оғаш көретін бір жайт бар. Кедейліктің алдында тұрғандардың арасында әлеуметтік жағынан белсенді, жұмыс істейтін адамдар аз емес. Нақтырақ айтқанда олардың саны 5 миллион адам. Мамандардың айтуынша оның себебі – көлеңкелі табыс табатындардың саны көбейгенінде. Жалпы алғанда нақты кедейліктің көлемі статистика көрсеткіштерінен әлдеқайда ауыр дейді экономистер. Олардың пікірінше, бұл мәселені шешу үшін экономика саласында құрылымдық реформалар өткізу керек.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз