Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Азияға қайт! Қазақтар Еуропа арқылы әлем чемпионатына шыға алмайды – футбол комментаторы

Комментатордың сұхбатынан алынған үзіндіні Vesti.kz жариялапты.

Бородюктің басшылығымен Қазақстан құрамасы өз тобындағы соңғы орыннан шыға ала ма, қалай ойлайсыз, деген сұраққа комментатор былай жауап беріпті:

Айту қиын. Бұл жерде мәселе тек бапкерге ғана емес, ойыншыларға да байланысты. Айтпақшы, «соңғы орын алмауға тырысу» деген қандай міндет өзі? Еуроның келесі іріктеуінде қазақтардың ойыны мен өздеріне деген сенімі пайда болар.

Бірақ Қазақстан еуропалық іріктеу арқылы ешқашан да ірі турнирлерге жолдама ала алмайтынын ұғу керек. Иә, мұның спорттық емес, саяси мәселе екенін түсінемін.

Бірақ Қазақстан футболы дамуы үшін, ірі демеушілер пайда болғанға дейін қазақ футболының азиялық конфедерацияға қайтып оралғаны жөн болар еді. Сонда мүмкіндіктер көбейеді. Тіпті ұшақпен ұшудың өзінен-ақ талай ақша үнемдейді. Ол жақтың іріктеу турнирлерінде топ жару да оңайға соғар еді.

Георгий Черданцев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз