Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Әзірге дәрігерлердің коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдауға күші жетуде, бірақ ары қарай не болады?

243
Сурет: polese.by

Естеріңізге сала кетейік,  11 мамырда ТЖ режимі тоқтатылған болатын. Бірақ билік карантиндік шараларды сақтау қажеттігін атап өтті. Әсіресе әлеуметтік қашықтықты сақтап,  үй-жайлар мен қоғамдық көлікте бетперде киіп жүруді міндеттеді. Алайда тамақтану кәсіпорындары мен сауда орталықтарына келушілердің саны азайар емес. Барлық ескертулер мен нұсқаулар бір күнде ұмытылды. Дәрігерлер соңғы айда Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны күрт өскенін атап өтті.

Үкімет бұл өсімді халық арасында жүргізілген жаппай тестілеумен байланыстырды

Алматыда қазірдің өзірнде  7 экспресс-тест зертханасы жұмыс істейді.

Дәрігерлердің айтуынша,

адамдар пандемияның бірінші күнінен бастап көп айтылған қауіпсіздік шараларын сақтауды тоқтатты

Ал

бүгінгі таңда  ресми деректерге сәйкес Қазақстанда 88 адам коронавирустан көз жұмды

Аптаның басында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың вирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыдан кейін бірнеше үкімет мүшесі оқшауланды. Министрлер кабинетінің отырысы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Түсінген адамға, бұл назар аударарлық белгілер.

16 маусым күнгі статистика

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 350 адамды анықтады. Осылайша, науқастардың өсуі 2,3% құрады. Алайда бұнда симптомсыздар есерілген жоқ, ал олар вирустың одан әрі таралуының әлеуетті көзі болып табылады.

Жалпы, 16 маусымда еліміздің өңірлері бойынша:

Нұр-Сұлтан — 87 (3,0%)

Қарағанды облысы — 52 (3,3%)

Павлодар облысы — 41 (10,7%)

Алматы — 35 (1,1%)

Ақмола облысы — 22 (10,7%)

Батыс Қазақстан облысы — 21 (2,1%)

Атырау облысы — 17 (1,3%)

Шығыс Қазақстан облысы — 12 (4,5%)

Жамбыл облысы — 9 (1,8%)

Шымкент — 9 (0,8%)

Ақтөбе облысы — 8 (1,5%)

Қостанай облысы — 8 (3,4)%)

Солтүстік Қазақстан облысы — 8 (6,8%)

Алматы облысы — 7 (1,3%)

Қызылорда облысы — 7 (1,4)%)

Маңғыстау облысы — 4 (1,0%)

Түркістан облысы — 3 (0,6%)

Жағдайы ауыр науқастар көп

Қарасай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, инфекционист Сәуле Барақбаева ауруханаға күн сайын «коронавирус инфекциясын жұқтырды» деген диагнозы бар пациенттер келіп түсуде дейді.

— Ауруы асқынған науқастар өте көп. Бұлар вирусты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, ЖДРС, тромбоваскулярлық синдром, сепсис секілді аурулары бар адамдар. Сондықтан ел халқынан карантин шараларын қатаң ұстанып, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, бетперде киіп, қолдарын жиі жууын және антисептиктер қолдануын сұраймын.

Сәуле Барақаеваның айтуынша, қазіргі уақытта Қарасай аудандық ауруханасында 60-тан астам науқас бар.

— Біз бригадалық режимде жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта төрт бригада жұмыс істейді, әзірге кадр жетіспеушілігі сезілмейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз