Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Ажырасқан екен…”. “Қалаулым” қазақ қызын орыс жігітіне қосып берді

378

Динара бағдарламаға қатысушы ретінде, ал Алексей үміткер ретінде осы жылдың басында көңіл жарастырды.

Алексейдің екі жарым жасар ұлы бар, ажырасқан. Дегенмен, екеуі бір-бірін бес жылға жуық таниды, бірге жұмыс істейді, осы уақыт аралығында жай ғана достар ретінде араласқан. Динара Алексейдің өткен өмірі туралы жақсы білген және оған ешқандай қарсылығы жоқ.

Алексей «Динара маған келісім берсе, қазақ тілін үйренемін», – деп уәде берді.

Алексейдің отбасы қазақ келінге мүлде қарсы емес екен, тіпті анасы Динарамен танысуға өзі ниет білдірді. Ал Динараның анасының келісімін Алексей тікелей эфир барысында алған болатын.

«Ана ретінде қарсы емеспін, бәлкім бұл қызымның бақыты шығар, мен оған қарсы бола алмаймын», – деді эфирге тікелей хабарласқан анасы.

Жұп болып жүре бастаған кезде Динара Алексейге жасының келіп қалғанын, бала тууға асығатынын, сонымен қатар үйленуді тездету туралы да айтып өткен.

Алексей «әзірге көреміз», – деп жауап бергенімен, үйіне жөндеу жұмыстарын жасап, тойға дайындық жүргізіп жатқан көрінеді.

Жұпқа қатысты бағдарламаға қонаққа келген «Жігіттер» тобының әншісі Ердос «Мұсылман қызды өзге дін өкіліне тұрмысқа беруге болмайды. Ол шариғатта тыйым салынған», – деп пікір білдірген болатын.

Динараның ойынша, адамды дінге, ұлтқа бөлудің қажеті жоқ. Олардың өзара келісімдері бойынша некені екі діннің де салты бойынша емес, заңды түрде ғана қияды.

 

View this post on Instagram

Кайырлы кеш!

A post shared by Динар Хайруллина (@dinar_kariagdi) on

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз