Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Әзербайжан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын жариялау туралы» өкімге қол қойды.
Бұл туралы сол елдің Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Сайлау осы жылдың 11-ақпанында өтетін болды. Орталық сайлау комиссиясына Әзербайжан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын 2018 жылғы 11-сәуірге белгілеу және сайлаудың Әзербайжан Республикасының Сайлау кодексіне сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.