Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Ол саған не жазды?” Қазақ қыздарын масқаралап жүрген кім?

123

Осы тақілеттес тақырыптардың қаптап кеткені соншалық соңғы кездері әлеуметтік желіге кіруден қалдық. Қазақ қызы кімге, не жазды? Оған топырақ шашушылардың көздегені не? Әлде қазақ қызы шынымен бұзылған ба?

https://kaz.365info.kz/aza-yzdaryn-zhek-k-retin-adam-rinat-bektas-ly-degen-kim-244556

Жоқ, одан бұрын біз бұзылып біттік. Мына біз бұзылғанбыз. Біздің ойымыз бен ниетіміз бұзылған.  Мінез-құлқымыз өзгерген. Қазақ қызының көшеде жатқаны, бұты ашылғаны бізге қызық.

Жоқ, рас. Қазақ қызы өзін-өзін бұзып жатқан жоқ. Қоғам құбылып барады. Қоғамның талғамы әлдеқашан тас-талқан болған. Қоғам жалаңаш дүниені жақсы көретін болған. Адамның құдайдан алыстап кеткені соншалықты, әлгі видеоны, әлгі қыздың жалаңаш денесін көріп отырып өзіміздің де анамыз, әйеліміз, бала-шағамыз бар екенін ұмытып кетеміз. Тағы да рас. Қазақ қызының шешінген видеосын құмартып көретіндердің іш-құрылысы да бұзылады. Жаман өте. 

Бәлкім, бар да шығар. Бұзылғандар. Бірақ, күллі қазақ қыздары ар-ұяттан безіп кеткен жоқ қой. Күллі қазақ қыздары тәнін көрсетіп, бөксесін жалаңаштап жүрген жоқ қой. Солай емес пе? Мойындаңызшы. 

Ал бұзылғандары ше? Бұзыла берсін. Олар түзелмейді. Ондайларды түзететін мекеме Қазақстанда жоқ. Оларды “хит” қылғаннан біз ұтылып жатырмыз. Біз бұзылып барамыз. Біздің талғамымыз соларды сүйсініп көретін деңгейге дейін төмендеді. Бізге қазір бұдан басқа түк қызық болмай қалды. 

Ал әлгі бұзылған қыз әлеуметтік желіде жария болғанына қайғырмайды. Қуанады. Себебі, ол оған дайын. Ол әуелден бәріне дайын. Бұзылған себебі. Біз оларға тегін жарнама жасап отырмыз. Иә, тегін жарнама.

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында қызу талқыланып жатыр. 

 

https://kaz.365info.kz/biz-ba-ytty-bolamyz-aza-yzy-azhyras-an-bred-pitti-aza-stan-a-sha-yrdy-227011

 

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз