Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Қазақ қыздары ақша үшін мойнымызға асылады”. Шетелдіктер бізді осылай мысқылдайды

610

Кеше достарымызбен “Сары Арқа” ойын-сауық орталығының (Астанада) алдындағы кафеде отырдық. Кино көруге келгенбіз. Бізге қарама-қарсы жерде екі қазақтың қызы мен екі түрік отыр. Көз үйреніп кеткен бұған. Шынымды айтайын, кіммен кездессе де еркі білсін. Маған бәрібір. Итпен кездессе де өз шаруасы, өз өмірі…

Мынаған таңғалдым. Түріктер бізге қарап мысқылдап отырды.  “Міне, қараңдар. Сендердің қыздарыңды қалай қолданып жүрміз. Олардың неге айналғанын көріңдер. Олар ақша үшін бұтын ашуға дайын” дегенді көздерімен аңғартып отырды.

Осы сәтте әлгі түріктің бірі қасындағы қазақтың қызын ұятты жерлерінен ұстай бастады (саны, анары). Екеуі де қысқа белдемше киіп алған.

Алғаш мен бұл қыздарды жезөкше ме деп қалдым. Астанадағы қымбатты қонақүйлерде қазақ қыздарынан тұратын дайын “десант” бар екенін және қажет кезде бұлар Елордаға келген қонақтардың көңілін көтеретінін естігенмін.

Ал мына төртеуі туралы осы кафеде отырған даяшыдан естіп білдім. Түріктер аймалап отырған қазақтың қыздары осындағы түріктің құрылыс компаниясында істейді екен. Қазақ қыздарына өліп-өшіп отырған мына екі түрік топ-менеджерлер. Қыздар осыларға қарасты департаментте жұмыс істейді.

Қыздардың жасы әрі кетсе 25 -те. Ал түріктер 35-40 жастың шамасында.

Ең қызығы неде білесіз бе? Астанада тұрғаныма 5 жыл болды. Осындай көріністердің талайына куә болдым. Біздің қазақ қыздары өздерін жезөкше секілді ұстайды. Ар-намыс атымен жоқ. Сенбесеңіз, түнгі клубтарға барыңыз.

Кейде ойлаймын, ертең қызым болса, ол да осындай болып өсе ме? Жоқ, мен оған сапалы білім мен жақсы тәрбие беруім керек. Мен түріктерді қызғанып тұрғам жоқ. Тек басқа ұлттың қыздары өздерін осылай ұстағанын көрмеппін. Өзбек, ұйғыр, татар, қырғыздың қыздары әлдеқайда ұстамды. Өзін-өзі сыйлай біледі. Ал біздің қыздарда ұят атаулы атымен қалмаған. 

Сосын қазақ қыздары өздерінше кірпияз болып алған. Қазақтың жігіттеріне көңілі толмайды. “Үйің, көлігің жоқ болса, сенің өмірде жолың болмаған деген сөз” дейді олар. Мен үйі, пәтері жоқ талай жақсы жігітті білемін. Олар да қазақ қыздарының осындай қылығына қайран қалады.

Жезөкше сияқты киінеді. Темекіңді тартып, арағыңды ішіп тұр. Жігіттерден кем түспейді. Өз басым біздің болашағымыздан күдіктенемін. 

Әрине, барша қазақтың қызы мұндай емес. Бірақ, дәл осындай көріністер соңғы кездері көбейіп, жиілеп кетті. Бүгін болмаса да, ертеңгі күні бұл біздің қоғамның бас ауруына айналады. 

14502963_138540913272249_8378893335996419093_n-1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз