Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқов туралы 10 дерек

1285

Бүгінгі Шәмші ағаның туған күніне орай, сазгердің тағдыры мен ғұмыры жайлы Білім және ғылым телеарнасы 10 деректі ұсынады.

Біріншіден, Шәмшінің әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен, әншілікпен әуестігі жоқ болады. Сондықтан бұл қасиет бала бойына шешесінен, нағашыларынан дарыса керек.

 

Екіншіден, Шәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартқан.

Үшіншіден, қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар.

Лирикалық әндеріне қарай Шәмшіні „Қазақ вальсінің королі„ деп атап кеткен.

Төртіншіден, Шәмші әндеріне басқа түгіл ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер таң қалып: «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300 – ге жуық ән шығару деген – ұлы ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек», – деген екен.

Бесіншіден, Шәмші «Менің Қазақстаным» әнінің туу тарихын «Ақмоланы Целиноград деп атап, бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып жүрген кезбен байланыстырады.

Қазақ жері бөлшектенгелі жатқанда оның асқақтығын жырлайтын ән керектігін сезеді. Сөйтіп, «Менің Қазақстаным» әні туады. 2005 жылдан «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

Алтыншыдан, 1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Байқау талай таланттардың тұсауын кесіп, үлкен сахнаға жолдама берді.

Жетіншіден, Шымкент қаласында облыстық филармония, Шымкент, Алматы мен Астана қалаларында көше аттары, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған.

Сегізіншіден, 1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т. Ахметов) деген деректі телефильм түсірілді.

Тоғызыншыдан, сазгердің әндеріне көбінесе Мұхтар Шаханов, Сабырхан Асанов, Қадыр Мырза Әли, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әлімқұлов, Төлеген Айбергенов, Зәкір Шүкіров, Тұманбай Молдағалиев, Ғафу Қайырбеков сынды қазақтың дарынды ақындары қалам тербеген.

Оныншыдан, Шәмшінің екі ұлы әкелерінің жолын қуып, бүгінде кәсіби музыкант ретінде еңбек етуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз