Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қазақтар, беларусь пен украиндер бізге өз еркімен қосылуда” – Жириновский (видео)

Одан кейін Жириновский:

– Еуропалық одақ?! Оған бәрібір. Ол бәрібір ыдырап тынады. НАТО-дан өздері кетеді. Егер АҚШ „қолшатырын„ алса, Балтық жағалауы елдері өздері құшағымызға жүгіріп келеді. Франция билігіне Мария Лю Пен келеді. Оны келетіндей жасаймыз. Бәріміз жабылып, Меркелді де кетіреміз. Германияда басқа канцлер болады. 4 астана болады: Мәскеу, Вашингтон, Париж және Анкара. Сонда Еуропада да, Америкада да, Ресейде де тыныштық орнайды.

Жириновскидің Қазақстанды да қамтитын бұл геосаяси мәлімдемесіне қатысты біздің медиа-портал саясаттанушыдан түсінік алды.

Саясаттанушы Әзімбай Ғали Жириновский АҚШ-қа, нақтырақ айтқанда, Трампқа өз ұсынысын жеткізіп жатыр, бұл – осындай саяси технологиялық бір тәсіл екенін айтады.

– Мұндай мәлімдеме ресми түрде жасалса, әрине, дүние бүлінер еді. Алайда стратегиялық тұрғыда әсіресе, геосаяси таласқа түскісі келетін мемлекеттер үшін жан-жаққа өз көзқарасы мен ұсынысын үнемі алдын ала білдіріп отыру қажет.

Кремль мұндайда Жириновский секілділерді пайдаланады. Трамп та бір сөзінде: „Егер Ресей ядролық қаруын шектесе, Украина мәселесіне көз жұмар едім„, – деп айтқан еді. Әңгіме осыдан шығып отырса керек.

Ресей өз ұсынысын Жириновкидің аузымен білдіріп қалуда. Бірақ ол солай болады дегенді білдірмейді. Бұл – жәй тамыр басып, арбасу.

Дегенмен, Трамп мәлімдемесі таққа отырмай тұрғанда айтылды. Сондықтан оны шынайы қабылдаудың қажеті жоқ. Тағы бір жағынан, Трамп саясатты жалғыз өзі шеше алмайды. Онсыз да президент болмай жатып, оны Конгресс біршама жұлмалап тастады. Қазір оның баспасөз алдында, Конгресс алдында қадірі кетіп тұр. Ресейден санкцияны алып тастауға Трамптың шамасы жетпейді. Бірақ Қазақстанға халықаралық қауіп-қатерлерді үнемі бағамдап, өте сақ болу керек. Өйткені қазір дүние бүлініп, түрленіп тұрған тұрлаусыз заман, – деді Әзімбай Ғали.

https://www.youtube.com/watch?v=qEAthl55WCQ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз