Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақ-түрік лицейлері — АҚШ-тың жобасы ма?

189

«Қазақстандық шенеуніктер бұл лицейлердің Түркияның қаражатына емес, Қазақстанның ақшасына өмір сүріп отырғанын айтады. «Ол шенеунігің кім?» десеңіз, айтайық: 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінде департамент басшысы болып істейтін Жанар Жонтаева апай бұл лицейлерді Қазақстан қаржыландырып отырғанын айтып, журналистерге арнайы сұхбат берген болатын. Демек, бұл ресми жауап. Ендігі сұрақ, әлгі лицейлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің бөлген қаражатына өмір сүріп отыр екен, онда әлгі Катеv деген қор бұл жерде сиырдың бүйрегіндей болып не бітіріп жүр?

Лицей басшылары сондай-ақ оқу жүйесінің дінге ешқандай қатысы жоқ екенін айтып ақталып әлек. Ақ болса неге ақталады? Қашан да ит үреді, керуен көшеді емес пе?!

Аталған лицейлердің дінге қатысы жоқ екен, онда неге әуре болып, арнайы ғимарат ұстап, ұлдарды бөлек, қыздарды бөлек оқытып жүр?

Қазақстандағы өзге мектептер секілді бәрі бір сыныптың ішінде отырып оқыса балаға білім дарымай ма?

Сосын мұғалімдердің 90 пайызы қазақстандық мамандар деген әңгіме айтылды. Ақыры қазақстандық оқу орны екен, неге 100 пайыз емес? Қалған 10 пайызы кімдер?

Елімізде қазақ-түрік лицейлері ашылған кезде жатақханадағы тәрбиешілердің басым бөлігі Түркия азаматтары болатын. Неге қазақстандықтар емес деген сұрақ туады. Қазақтар балаға тәрбие бере алмайды ма? Әлде бұл жерде біз білмейтін өзге миссия болды ма? Осыны неге айтпайды?

Иә, қазір кешегі «тәрбиеші» түріктерді қазақстандықтар алмастырған. Бірақ, олардың өзі кезінде сол түркиялық ұстаздардың тәрбиесін көрген азаматтар емес пе? Ақыры талдау жасалған екен, неге бұл мәселелер көзден таса қалады?

Мәселені жасырған сайын адамдардың оны білуге деген қызығушылығы оянбай ма?

Бір қызығы, лицейге түскен бала Katev-тің жатақханасында жатуы міндетті. Тіпті, өз үйі сол ғимаратқа жапсарлас орналасса да жатақханада тәрбиеленуі тиіс. Ал, тәрбиешілердің кім екенін жоғарыда атап өттік. Олар баламен бірге жатып, бірге тұрады. Түнімен (ұйқыдан бөлек уақытта) не сөйлеседі, баланы неге тәрбиелейді? Таңды таңға ұрып, Қобыланды батыр жырын жаттатпайтыны белгілі ғой…

Жарайды, лицейдің ешбір шет мемлекетке қатысы болмаса кезінде Түркиядан қандай әдебиеттер тасымалданды? Аталған лицейлердің дінге ешқандай қатысы болмаса… 2007 әлде 2008 жылы ҰҚК-нің дер кезінде қимылдауының арқасында Шымкенттегі қазақ-түрік қыздар лицейінен Түркиядан әкелінген діни әдебиеттер табылып, оның соңы үлкен шуға ұласқан жоқ па еді?! Осындай шетелдік әдебиеттердің лицейде қазір оқытылмайтынына кепілдік бар ма?

ҚТЛ-ді бітірген түлектер ертең кімнің сойылын соғады?

Мақтаулы қазақ-түрік лицейлерінің баланы неге бірінші сыныптан емес, алтыншы сыныптан бастап қабылдайтыны да ашып айтылмайды. Мұның астарында

қазақтың қабілетті балаларын жинап алып, олардан әлде гүленші, әлде нұршы, әлде сүлейменші жасау саясаты жатқан жоқ па?

Ең бастысы, бірде бір мемлекет екінші бір мемлекетке «осы ел күшейіп, менен озып кетсінші» деп көмектеспейді. Кез келген көмектің астарында жасырын саясат жатады. Осыны біздің әлі түсіне алмай жүргеніміз өкінішті. Қазаққа қазақ қана дос!

Қара аспанды төндіріп, бәле іздеп отыр деп ойламаңыз. Сақтансаң, сақтаймын дейді. Лицей басшылары айтқандай, олардың білім беру жүйесі, әдебиеттері толықтай Қазақстанға тиесілі болса Katev қорының ролін қазірден анықтап алған дұрыс шығар. Біздің тілеуіміз – ҚТЛ-ді бітіріп шыққан білімді түлектер түріктің немесе Гүленнің емес, қазақтың сойылын соқса дейміз. Ал, олар қазірдің өзінде Қазақстан билігіне араласа бастады.

Ендеше, олардың гүленшіл немесе түрікшіл емес, салафит немесе құранит емес, таза қазақшыл болғанын қалауға біздің құқымыз бар шығар…», дейді мақала авторы Серғали Балажан.

80da4fd405b52422e75b3aaa964fa48a_XL

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз