Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру қажет – Марат Бекетаев

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын iске асыру үшiн Жоғарғы сотта және Астана қалалық сотында Инвестициялық даулар жөнiндегi мамандандырылған алқалар құрылып, жұмыс iстеп отыр. Олар инвестицияны сақтау мен қорғаудың құқықтық тетiктерiнiң бiрi саналады. Әлемде де бұл кең тараған… Бiз осы талқылаудың қорытындысы бойынша әзiрленген ұсынымдар iске асырылып, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа серпiн бередi деп үмiттенемiз. Бұл жалғасып отырған қаржы дағдарысы кезiнде өте маңызды», – дедi Марат Бекетаев.

Атап өтсек, дөңгелек үстелге Президент Әкiмшiлiгi, мемлекеттiк органдардың басшылары, судьялар, Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес мүшелерi, басқа да лауазымды тұлғалар мен «Теңiзшевройл», «Лукойл», «Қазақмыс корпорациясы», «Шұбаркөл көмiр» мен басқа да елiмiздегi iрi инвесторлардың өкiлдерi қатысып отыр.

Дөңгелек үстел аясында инвестициялық дауларды шешудiң мәселелерi мен келешегi, инвесторлардың мәртебесiн анықтау, инвестицияларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етудегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рөлi, салық даулары бойынша сотқа дейiнгi аппеляцияның тетiктерiн қайта қарау, жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға қатысты мәселелер қаралуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз