Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстандық қыздарды алдап, виртуальдық порнобизнеске тартқан

“Модель қажет: жоғары жалақы, икемді жұмыс уақыты, жайлы кеңсе”  деген хабарламаға көзі түскен алматылық Айя өзінің порнобизнеске тартылатынын білмеген.

Виктория есімді қыз оған аптасына 50 мың теңге төлеймін деп уәде берген. Яғни, Айя шетелдіктермен веб-камера арқылы тек әңгімелесуі қажет болған.

“Көйлегімді көтеруді сұрады. Кейін төсек орнында аяғымды көрсетуді сұрады. Содан мен Викториядан “Шешінуім қажет пе?” деп сұрадым. Ол болса “Жоқ, көйлегіңді көтерме. Себебі ақша жоқ. Ақша болған кезде шешінесің” деп айтқан болатын, – дейді алматылық қыз.

Қыздың айтуынша, веб-камера арқылы шетелдіктердің көңілін аулау немесе би билеп беру – бұл олардың ең қарапайым өтініштері.

“Виктория маған түрлі сайттарды, ондағы модельдерді көрсетті. Жалпы, Викторияның сайттан көрсеткен қыздарының барлығы жалаңаш болды”, – деді Айя.

Алайда алматылық Айя бұл фирманың виртуал порноиндустриямен айналысатыны жайлы екінші күні ғана күдіктене бастаған. Содан қыз олардан фирманың атауы мен құжаттарын талап етеді. Бірақ жұмыс беруші не құжаттарды, не фирманың атауын да айтпады. Осылайша, веб-камера студиясының басшысы Қазақстанда заңсыз түрде бизнеспен айналыс жүргенін мойындаған.

Алматылық веб-камера модельдерінің айтуынша, жергілікті қыздар шетелдік клиенттер арасында үлкен сұранысқа ие.

Алматы қалалық ІІД өкілдері де қалада бірнеше шетел азаматының жүргені жайлы мәліметті жоққа шығармады.

“Мүмкін қыздарды белгілі бір бизнес түріне алдап шақырып, бірақ расында басқа қызметке тартатын алаяқтар тобы бар шығар”, – деді Алматы қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.

Телеарна мәліметінше, заңнамада “вебкамера-бизнесі” деген түсінік жоқ. Сондықтан да мұндай бизнеспен айналысып жүргендердің қандай жаза тартатынын айту мүмкін болмай тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз