Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстандық тасымалдаушылар үлесі артады

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Бес институттық реформаны жү­зеге асыру жөніндегі Ұлт жос­пары – 100 нақты қадамды» іске асы­ру бағытында әр салада нақты іс­тер атқарыла бастады. Автокөлік са­ласы бойынша тасымал көле­мін­де 2016 жылдың 8 айында оң өзге­ріс­тер байқалады. Мәселен, осы мер­­зімде 1 984,4 миллион тонна жүк тасы­мал­данған. Бұл өткен жыл­­­­­­дың осы мер­зі­мімен салыс­тыр­­­­­ғанда 0,25 пайызға артық көр­сет­­кіш. Жолаушы тасы­ма­лында да оң нәтиже бар. Біз мысалға алып отыр­­­ған мерзімде өт­кен жылғы көр­­­­сеткіштен 2,3 па­йызға артық нә­­тижеге қол жет­кі­зіл­ген.
Саланы дамыту мақсатында автобус паркі біраз жаңартылды. Бұл өз кезегінде жолаушы тасы­ма­лы қызметі сапасын арттырды. Бү­гін­гі таңда Астана, Алматы, Қа­ра­ғанды, Павлодар, Өскемен қа­­­­­­ла­­­­­­­­­­­ларында қала маңы мен қала­ара­­­лық бағыт­тарда билеттер элек­тронды саты­лымға шығарылды. Отандық жүк тасымалдаушыларды қолдау­дың­ бірқатар шаралары қа­рас­­тырылып жатыр.
Биыл осы салада Дания, Пор­тугалиямен келісім жасауға, Сер­бия, Норвегия және Франция­мен келі­сімдерді бекітуге дайын­дықтар жүр­гізілуде. Осы жылдың 11 ақпа­нында Инвестиция және даму ми­нис­­трлігінің №546 «Авто­кө­лік­пен жүк тасымалдау ереже­лерін бекіту ту­ра­лы» жарлығы кү­ші­не еніп, бұл авто­көлікпен жүк тасы­мал­дау ере­желерін реттейтін бола­ды.
Қазақстан мен Австрия мемле­кет­тері арасында халық­аралық ав­то­көлікпен жүк тасы­малдау ту­ралы келісім жасалды.
Осы жылдың 28-29 сәуірінде қа­­­зақ-түрік комиссиясы халық­ара­лық автокөлік тасымалы жөнін­де кезекті мәжілісін өткізіп, тарап­тар ха­лық­­аралық автотасымал са­­ла­­сын­да екіжақты ынтымақ­тас­тық мә­­се­ле­лерін талқылады. Қа­­был­дан­­ған ша­ралар нәтижесінде осы жыл­дың со­ңына дейін автобус парк­­­терін 10 пайызға дейін жаңар­тылу көзделуде. Ал халықаралық на­рықтағы қазақ­стандық тасы­ма­л­дау­шылар үлесін 43 пайызға арт­ты­ру жоспарда тұр.
Тасымал мәселесі сөз болғанда жол сапасы жайында әңгіме қоз­ғамау мүмкін емес. Жол салу, жол­ды жөндеу жұмыстары соңғы жыл­да­ры көңіл көншітеді. Себебі, бұл са­ла­ның маңыздылығына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақ­стан халқына арналған әр Жолда­уын­да арнайы тоқталып келеді. Биыл да респуб­ликалық маңызы бар бірқатар жол­дарға жөндеу жұ­мыс­тары жүргі­зілуде. Атап айтар бол­сақ, олардың қатарында Батыс Еу­ропа – Батыс Қытай, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Ас­та­на – Павлодар – Семей, Бей­неу – Ақтау, Қапшағай – Тал­ды­қорған, Көкшетау – Пет­ропавл, Орал – Ка­­менка және Ақтөбе – Атырау жол­дары бар. Бұл жолдардың бәрі «Нұр­лы жол» мем­лекеттік бағдар­ла­масында қарас­тырылған. Жөн­деу жұмыстары Ақ­мола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қара­ған­ды, Қостанай, Маңғыстау, Пав­лодар, Солтүстік Қа­зақстан және Оңтүстік Қазақ­стан облыс­тарын­дағы 1,7 мың ша­қырым жолды қам­тиды.
Алғашқы 9 айдың қорытын­дысы бойынша жылдық жоспар­дағы жөн­деу жүргізілетін жолдың 75 пайызы орындалған. Телімдерге 756 ша­қы­рым асфальт және це­мент­бетон жабындысы төселді. 3 миллион тонна қиыршық тас, 250 мың тонна цемент, 125 мың тонна отандық өнер­кәсіптің жол битумы пайда­ланылды. Жол жөндеу жұ­мыс­тарына 75 мың адам, 30-дан ас­­там мердігер ұйым тартылды. Жұ­мысқа атсалыс­қан компания­лар­дың 20-дан астамы отандық.
Жыл қорытындысы бойынша Ба­тыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізі, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай – Талдықорған, Бей­неу – Шетпе және Көкшетау – Пет­ропавл телімдері ашылады.

Дереккөз: Айқын газеті

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз