Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-2
USD
437
+0.53
EUR
493
-0.58
RUB
5.92
+0.03

Қазақстандық боксшы қыздардың қарсыластары белгілі болды

Жайна Шекербекова (51 кг) екінші кезеңде аргентиналық Сиара Лескурат пен Алжир өкілі Соухила Боучене кездесуінің жеңімпазымен күш сынасады.

Дина Жоламан (54 кг) Клаудия Нечита (Румыния) мен Орнелла Вагнер (Германия) кездесуінің жеңімпазымен, ал Айжан Ходжабекова (57 кг) Марина Малована (Украина) және Вивьен Ксомбор (Венгрия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Римма Волосенко 1/8 финалға шығу үшін Ивон Расмуссен (Дания) және Ти Дуйен Лю (Вьетнам) жекпе-жегінің жеңімпазымен күш сынасады.

Зарина Цолоева (64 кг) бірінші кезеңде Вьетнам өкілі Ти Лин Ха, а ал Валентина Хальзова  кореялық Химин Номен кездеседі.

Виолетта Князева (75 кг) австралиялық Кейтлин Паркермен, Юлдуз Маматкулова (81 кг) ресейлік Любовь Пашинамен жұдырықтасады.

Ең ауыр салмақта 81 кг өнер көрсететін Ляззат Күнгейбаева ширек финалда Айнұр Рзаева (Әзербайжан) және Сима Пуния (Үндістан) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз