Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанда заң жұмыс істемейді. Дүкендерде ойын автоматтары самсап тұр

145

Тіпті, қазір қарапайым дүкеннің кіре берісінде де ойын автоматтары самсап тұр. Ер түгілі, оған әйелдердің де жабысып  тұруы  – қалыпты құбылысқа айналып барады. Осы көріністен соң да ешқандай тексерусіз-ақ заңсыздыққа жол беріп отырғандардың заң органы тарапында бір-бір “крышасы” барын аңғаруға болады.

– Неге құмар ойынға құнығады? Өйткені, біріншіден, басындағы проблемаларды ұмыту үшін, екіншіден, көп тер төкпей қысқа мерзім ішінде қалтасын қампайтып қалу туралы арам ой оған жетелейді. Үшіншіден, бұл өз-өзіне сенімсіз адамдар, – дейді Көкшетау қалалық емханасының психиатр дәрігері Гүлшат Хасенова.

Қазақстанда ойынқұмарлықтан емдеу сеансының құны 15 мың теңгеден басталып, 360 мың теңгеге дейін барады екен. Психологтардың айтуынша, букмекерлік кеңсе де құмар ойынға жатады, сондықтан оны да мемлекеттік бақылауға алу керек.

Қазақстанда ойын автоматтары покер клубтары заңсыз қызмет болып танылса, ал спортқа бәс тігу – заңды бизнес санатына жатқызылады.

Маңғыстау облысының тұрғындары InВet дегенге көп шағым-арыз түсіруде. Прокуратурадағылардың анықтағанындай, бұл букмекерлік кеңсе құрал-жабдығына арналған қамсыздандыру бағдарламасы екен.

Өңірде букмекерлік кеңселер кейінгі кездері көптеп ашыла бастаған. Ал прокурорлар тексеруге бұйрық шыққаннан кейін бір айдан соң кірісе алады екен. Ал оған дейін букмекерлік кеңсе жабылып, басқа жерден ашылады.

– Мемлекеттік органның ешқайсысы бұл мәселемен тұрақты түрде шұғылданбайды, – дейді Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Бердібеков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз