Түн ортасында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Су-27 ұшағы апатқа ұшырады.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Бүгін, 21-желтоқсанда түн ортасында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор Ысқақов бар мүмкіндігін салды және ұшақты елді-мекеннен алшақ алып кетіп, катапульттанды”, – делінген министрліктің ресми пікірінде.