Жуырда Қазақстандағы Әйел журналистер клубының мүшелері Алматыда бас қосып, журналистика саласына қатысты маңызды мәселелерді талқыға салды.
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызының айтуынша, Қор жанынан құрылған клубқа Қазақстандағы барлық қыз-келіншек мүше бола алады. Клубтың басты мақсаты — кәсіби шеберлікті шыңдауға үлес қосу, журналистика саласындағы проблемаларды анықтап, оларды шешудің жолдарын қарастыру, түркі елдеріндегі әйел журналистермен ынтымақтастық орнатып, ортақ шаралар ұйымдастыру.
Нәзия Жоямергенқызы
Нәзия Жоямергенқызы
Нәзия Жоямергенқызы
Нәзия Жоямергенқызы
Нәзия Жоямергенқызы
Кездесуде жиылған журналистер БАҚ саласына қатысты бірқатар проблеманы ортаға салды. Мәселен, радиожурналист Жанар Оразымбеттің айтуынша, бүгінгі таңда радио саласына бейімделетін мамандардың әлсіздігі салдарынан, радиоарналарда жұмыс істейтін актер, актрисалар саны басым: «Өкінішке қарай, олардың журналистика саласында білімі мен білігі жоқ болғандықтан, эфирде өздерін жасанды ұстайды. Тек бір артықшылығы — дауыстары жақсы қойылған. Ал журналистерді маман ретінде дайындауда бұл мәселеге назар аударылмайды».
Жанар Оразымбет
Жанар Оразымбет
Бүгінде телеарналардағы түрлі бағдарламалардың сапасы сын көтермейтіні ешкімге жасырын емес. Оның себебі, бағдаламаларды көбінесе аутсорсинг компаниялар дайындайды. Осы орайда, өз пікірін айтқан тележурналист Айгүл Мыңжасар: «Аусорсинг компанияларға сценарийді кімдер жазады? Көбінесе, басқа жерде тұрақты жұмысы бар журналистер. Олар алдымен өз шаруларын орындайды, сценарийге сосын барып кіріседі. Атүсті жазылатын дүниелер осындайдан пайда болады», — дейді.
Айгүл Мыңжасар
Айгүл Мыңжасар
Еліміздегі сайттардың сапасы да оңып тұрған жоқ. Рейтинг қуатын сайттар қазақы құндылықтар мен адамгершілікке жат дүниелерге, арандатушылық пен өсек-аяңға әуес. Оларда жұмыс істейтіндердің көпшілігі журналист емес немесе кәсіби білігі төмендер. Осы мәселені қаузаған «Алауинформ» сайтының Бас редакторы Айнұр Төлеу сайттарда жазылатын мәтіннің көлемі мен сапасы сын көтермейтінін айтты.
Айнұр Төлеу
Айнұр Төлеу
Айнұр Төлеу
Айнұр Төлеу
Айнұр Төлеу
Ал тележурналист Сағыныш Назардың пікірінше, қазір телеарналарда қызылсөзге әуес әріптестер көп. ВВС, CNN сияқты әлемдік деңгейдегі телеарналарда қолданылатын қысқа әрі нұсқа ақпаратты жедел тарату тәсілі қолданылмайды. Бұл отандық журналистиканың дамуына кедергі.
Сағыныш Назар
Сағыныш Назар
Сағыныш Назар
Сағыныш Назар
Сағыныш Назар