Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қазақстан” телерадио корпорациясына жаңа басшы тағайындалды

Дәурен Абаев корпорацияның жемісті жұмысын ерекше атап өтті және ұжымға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Кемелбек Ойшыбаев корпорация ұжымы қойылған жаңа міндеттер мен талаптарды ақтауға тырысатындығын атап өтті.

«Сіздің барлық тапсырмаларыңыз міндетті түрде орындалатын болады», – деді ол.

Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы 1977 жылы 13 шілдеде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Журналистика мамандығы бойынша, Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін заңгер мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын корпоративті менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған, сонымен қатар Geneva Business School – MBA мектебін бітірген.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметін атқарды. Сонымен бірге «Қазмедиа орталығы» бас директорының орынбасары, «Zaman Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік сатылымдар дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз