Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан Ресейге қосылады – сәуегей Глобаның болжамы

144

“Келер жыл долларға ауыр соғайын деп тұр. Американың ақшасы құнын жоғалтады, “әлемдік валюта” деген атынан айырылады. Абыройынан да… Еуро ма? Еуро тұрақтайды. Осы себепті де жиған-тергендеріңіз болса, осы еуроға ауыстырып үлгеріңіздер”.

Мұнай 

“Қара алтынның “тамырына қан жүгіреді”. Құны өседі дегенім ғой. Осы арқасында Ресей ары қараған беті, бері қарайды. Кремль қаржылық дағдарысты еңсеріп шығады. Мұның мұнаймен байланысты болатынын түсінген шығарсыз”.

“Иран бүлінеді” 

Келер жылдың екінші жартысында әлем астаң-кестең болады. Тіпті, Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетуі мүмкін. Мұсылман елі (бұл Иран болуы мүмкін) бүлік шығарады. Парсылар түріктерге тап береді.

“Путин, спаси и сохрани”

Ушығып кетуге әзір тұрған жағдайды Ресей бақылауына алады.  Оның данагөй көсемі осы жағдайға әділ төрелік етіп тиісті шешім шығарады. Өзінің атақ-абыройы мен ақыл-білімінің арқасында Путин Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алады.

Дін

2017 жылы Ресей жаңа діни қозғалыс құрылады. Айналасы бірнеше жылдың ішінде бұл ағым христиан және ислам діндерін “отарлап”, біртұтас әлемдік дін деген атаққа ие болады. Осы ағымның аясында жаңа көзқарастағы буын өсіп-өнеді.

Осы орадан үзілік жасайық. Осы араға дейін Глобаны қалжыңдап отыр ма деп ойлағанбыз. Жоқ, қалжыңы емес екен. Алжығаны екен. Алжыпты. Ақылынан адасыпты…

“Қазақстан Ресейге қосылады”

2017 жылы Қазақстан мен Беларусь Ресейдің қолтығына кіргісі келетінін айтады. Бекер емес. Ресейдің күші асып-тасып бара жатқанын көріп отыр ғой. “Үш мемлекетен құралған держава” өзгелердің төбесінен қарайды. Тіпті, Америка мен ЕуроОдақтың өзі бұлардың жанында “ойын баласы” болып қалмақ. АҚШ пен Батыс “Үш мемлекеттен құралған державаның” көлеңкесінде қалады. Айбынды державаның дақпырты алысқа жетеді. Аз уақыттан кейін бұларға Әзірбайжан мен Армения қосылады.

“Әй, шіркін-ай…”

Иә, құриды. Еуроодақтың сапынан шыққысы келген елдердің саны артады. Батыстың ақшасы азаяды. Күллі әлем Еуропаның шаңырағы ортасына түсіп, қирағанының куәсі болады.

Осы арадан тағы бір үзіліс. Глоба Путинге қатысты пікірін айтыпты. Кешіріңіздер, болжамын…

2020…”Путиннің ақыры”

Ресейде халық көтеріледі. Данагөй Путин өзінің салиқалы әрі сарабдал саясатының арқасында толқынысты 3 жылға дейін ұстап тұрады. Бірақ, ешкім және ешнәрсе мәңгілік емес. 2020 жылы ауруы асқынған Кремльдің көсемі жағдайды бақылаудан қалады. Бұқараны бақылаудан қалған әміршінің ықпалы да азаятыны белгілі.

Қысқаша, осы. Глобаның осылай депті. Бір жылдың әлемнің астаң-кестең болатын түрі бар. Қазақ мұндайда “жағыңа жылан жұмыртқаласын” деуші еді…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз