Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қазақстан халқы неге 20 миллионға жете алмай отыр?

126

Көші-қон мәселесімен айналысып жүрген қайраткер, ақын Ауыт Мұхибектің айтуынша, соңғы кезде елге келген қандастарымыздың саны артқан. Ал жаңадан құрылған комитет шетелден келетін қандастарымыздың санын еселеп асыруы мүмкін.

Халықтың көші-қоны туралы заң қабылданғаннан кейін көш көлікті бола бастады. 2015 жылы небәрі 5 мың адам келсе, 2016 жылы 33 754 адам елімізге келіп, азаматтық алған. Бұл әрине, қуанатын көрсеткіш. Енді биыл елге келетін қандастарымыздың саны бұдан да өседі деген үміт бар. Бұдан бөлек, оңтүстіктің тығыз орналасқан халқын солтүстік өлкелерге орналастыру да өте маңызды шаруа болмақ. Осы мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін арнайы көші-қон комитеті құрылғаны жақсы болды – дейді Ауыт Мұхибек.

Комитеттің бастығы кім болады?

Мұндай мемлекеттік маңызы зор мекемені кім басқарғаны жөн?

Шыны керек, көш көлікті болуы үшін комитетті басқа емес, шын мемлекетшіл тұлғаның басқарғаны жөн.

Көші-қон комитетін басқаруға келген адам президенттің саясатын жақсы түсінетін болуы керек. Басшы мемлекетшіл, ниеті дұрыс адам болуы керек. Жері үлкен, халқының саны аз елде халық санын көбейту керек деген стратегиялық мақсатты айқын түсінсе, жақсы болар еді. Өйткені мемлекет басшысы «2020 жылға дейін еліміздің халқын 20 миллионға жеткізу керек» деген мақсат қойды. Бұл мақсатқа жетудің төте жолы – шеттен келетін қандастарымызды тезірек елге әкеліп, орналастыру болса керек, – дейді ақын.

3 миллион қазақ келеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізуіміз керек» деген болатын. Бұл межеге айналдырған 3 жылдың ішінде жету мүмкін бе?

Егер Үкімет тарапынан жақсы ниет болса, шетелдегі 5 миллион қандасыздың 3 миллионы елге келер еді. Құзырлы мекеме сауатты жұмыс жасай білсе, шетелдегі қандастарымыз елге келгісі келіп-ақ отыр. Бірақ бір мемлекеттің халқын ашықтан-ашық шақыру – халықаралық құқықтарға сәйкес келмейді. Мәселен, Қытайда тұратын нағашым менің қанша жерден туысым болғанымен, ол ҚХР азаматы. Мемлекет емес, жекелеген тұлғалар халықаралық заңнамаға сәйкес, шетелдегі қандастарын шақыра алады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жаңадан құрылған комитетке көмектесуіміз қажет, – дейді Ауыт Мұхибек.

Дәл қазір Қазақстан халқының саны 18 миллионға сәл ғана жетпей отыр. Алдағы 2-3 жылда 20 миллионға табиғи өсіммен жету мүмкін емес. Ең төте жолы – шетелдегі 5 миллион қазақты елге шақырып, орналастыру болса керек. Егер комитет осы бағытта жұмысын жандандырса, алдағы 2-3 жылдың ішінде 20 миллионға жетер едік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз