Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақ елі жеңімпаз ұлын толассыз қошаметпен қарсы алды. Димаш Алматыда өнер көрсетті (видео)

Универсиаданың ашылу салтанатында Димаш Құдайберген опера әншісі Зарина Алтынбаевамен бірге сахнаға шықты. Кеше ғана ел намысын Қытайда үкілеп шыққан ұл алдарына келгенде Қазақ елі оны шексіз сүйспеншілікпен әрі толассыз қошеметпен қарсы алды.

Қос әнші итальян тіліндегі опера ариясын заманауи өңделген күйде орындады. Ал бишілер мен фигуристер, сондай-ақ, скрипкашылар бұл орындауға өзіндік реңк берді.

Әрине, қосымша сахналық қойылымы бар бұл көрініс үлкен дайындықты қажет етті. Демек, Димаш Қытайдағы байқаудан тыс еліміз үшін маңызды шарада өнер көрсету үшін де дайындыққа қатысты, оған да уақытын бөлді. Ол одан бас тартса артықтығы жоқ еді, оны ешкім сөкпес еді. Бірақ бұл Димаш қой. Міне, талмас еңбекқор, өзі таңдаған өнерге адал, кез келген жағдайда елінің намысын қорғауға дайын нағыз ер. Жастар, Димаштан үлгі алыңдар!

Еске сала кетейік, “I am a Singer” музыкалық жарысы 14 кезеңнен тұрады. Оған жеті әнші қатысуда. Осыған дейін Димаштың Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысып жатқанын жариялаған едік. Қытайлықтар қазақ әншісіне “Тәңір өзі жарылқаған әнші” деп баға берген. Ал жерлесіміз сайыстың алғашқы турында жеңіс тұғырынан көрінді. Байқаудың екінші кезеңі өткен сенбіде, Универсиаданың ашылу салтананына бір күн қалғанда – 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Бұл жолы да Димаш І-орынды иемденді.

https://www.youtube.com/watch?v=o03Vg0JObj8

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз