Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Аз-ақ қалыпты». 2042 жылы өлмейтін адамдар пайда болады

376

2019 жыл – компьютер атаулыда сым қолдану жойылады. Барлық құрылғылар сымсыз жұмыс істейтін болады.

2020 жыл – әрбір үйдегі қарапайым компьютерлердің есептеу қуаты адам миымен теңеседі.

2021 жыл – жер бетінің 85 пайызы сымсыз интернетпен қамтылады.

2022 жыл – АҚШ пен Еуропада адам мен роботтар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңдар қабылдана бастайды. Роботтардың іс-әрекеті, құқығы мен міндеттері де заңдарға енеді.

2024 жыл – компьютерлік интеллект автокөліктер үшін міндетті болады. Адамдарға компьютерлік көмекші орнатылмаған көліктерді басқаруға тыйым салына бастайды.

2025 жыл – адамның денесіне орнатылатын имплантат-гаджеттер жаппай қолданысқа енеді.

2026 жыл – ғылыми үдерістің арқасында адамдардың өмірі біртіндеп ұзара бастайды.

2027 жыл – аса күрделі тапсырмаларды оңай орындайтын жеке роботтар қазіргі тоңазытқыш пен шаңсорғыш сияқты қалыпты дүниеге айналады.

2028 жыл – күн энергиясы өте арзан болып, кеңінен таралады. Адамның бар қажетіне күн қуаты толық жететін болады.

2029 жыл – компьютерлер Тьюринг тестінен оңай өтетін болады. Адамның миы мен компьютердің миын ажырату мүмкін емес болады. Ал адамның миы әбден зерттеліп болады.

2030 жыл – өнеркәсіпте жаппай нанотехнология пайдаланылады, барлық өнім жаппай арзандай бастайды.

2031 жыл – кезкелген ауруханада адам органдарын басып шығаратын 3D-принтерлер тұрады.

2032 жыл – нанороботтар медициналық мақсатта пайдаланылады. Олар адамның жасушаларына қорек жеткізіп, қалдықты шығара алады. Адамның қыр-сырын түсіну үшін миды тексереді.

2033 жыл – жолдарда өздігінен жүретін көліктер ғана қалады.

2034 жыл – адам алғаш рет жасанды интеллектпен кездеседі. Сағынған ғашығыңыздың виртуалды көшірмесімен кезкелген уақытта бірге бола аласыз.

2035 жыл – ғарыштық техника одан сайын дамып, жерді астероидтардан үнемі қорғап тұрады.

2036 жыл – ауру емдейтін арнайы клеткалар пайда болады, 3D-принтерлер адамдарға арналған жаңа органдар өсіре алатын болады.

2037 жыл – адам миын түсінуде тағы бір үлкен жетістік жасалады. Мидағы арнайы фунциялары бар жүздеген аймақтар мен субаймақтар табылады. Солардың алгоритмдері компьютерлердің нейронды желілеріне енгізіледі.

2038 жыл – роботталған адамдар, трансгуманистік технологияның өнімдері пайда бола бастайды. (Мысалы, көз-камера, қосымша қол-протездер)

2039 жыл – наномашиналар тікелей адам миына орналастырылып, адам виртуалды шындыққа толығымен беріле алатын болады.

2040 жыл – іздеу жүйелері адам азғасының ішіне-ақ орнатылатын болады, адамның ойына келген нәрсенің бәрі линза немесе көзілдірік арқылы көз алдыңызға келеді.

2041 жыл – Интернеттің жылдамдығы қазіргіден 500 миллион есеге артады.

2042 жыл – өлмейтін адамдар пайда болады. Нанороботтар иммун жүйесін жаңартып, адамдардың барлық ауруларын жойып отырады.

2043 жыл – нанороботтардың арқасында адам денесі өз формасын өзгерте алатын қабілетке ие болады. Адамның ішкі органдарының орнына одан әлдеқайда сапалы кибернетикалық құрылғылар тұрады.

2044 жыл – биологиялық емес интеллект қазіргі биологиялық интеллекттен миллиардтаған есеге ақылды болады.

2045 жыл – таза технологиялық өмір ғана қалады. Жер үлкен компьютерге айналады.

2099 жыл – компьютерлер жерді қойып, бар ғаламға тарай бастайды.

Әрине, мұндай болжамға сену қиындау. Бірақ мүмкін екенін тағы да жоққа шығара алмайсың. Өйткені адамзат ХХІ ғасыр басталғалы жедел даму жолына түсті. Технология күн санап өзгеріп жатыр.

Демек, мүмкін емес дүниенің өзі мүмкінге айналуы мүмкін. Бәрін қойшы, 2042 жылға аман жетсек, ары қарай өлуіміз мүмкін емес сияқты ғой. Е, Алла 2042 жылға дейін денсаулық бер, ары қарай мәңгілік адамға айналып жүре берерім хақ!

Арман Мақсатұлы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз