Жақында ғана демалыстан оралған Ерке Есмахан имиджін өзгертті. Әншінің инстаграм желісіне салған бірнеше суреті жұрт ішінде қызу талқылана бастады.
Бірінші образына Ерке “өте қатты әдемі” деп баға берді. Желідегілердің біразы әншінің жаңа имиджін ұнатса, кейбірі Баян Есентаевадан аумай қалғандығын да айтып жатты.
“Көйлегің әдемі, бірақ аяғыңды жинап түссеңші”,-дейді Еркенің оқырмандары
Ал әншінің орыстардың белгілі “Виагра” тобының стилінде түскен суреті тіпті жұрттың ашуына тиді. “Қазақ қызының бұлай суретке түсуі тіпті жат нәрсе” деп сынады желідегілер.