Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Аяғы ауыр” Ерке Есмахан Мальдив аралдарында жүр (видео)

454

“Адамға сенім керек. Ең əуелі Аллаға, сосын өзіне! Өз күшіне, өз мақсатына, арманына! Мақсаты бар адам əрекетсіз отырмайды. Əрекет еткен адам қадамдап дегеніне жетеді. Тек сену керек! Меніңше, мен өзіме сене бастағаннан бері, армандарым жəймендеп орындалып жатыр! Халық ықыласын армандадым, жер-жерге саяхаттауды, т.б. армандадым. Арман мақсатқа айналған күні əрекет ету (дəлірек еңбек) басталды. Сосын сенімділік келді! Сенім келгенде бəрі біртіндеп бола берді.

Мен махаббатқа да сенем! Жүрегім қалаған ЖАНға сенем! Оның махаббатына, адалдығына, сезімінің шынайылығына сенемін!

Тосқауылдар мен кедергілер болса да, мен жүрегімнің сыбдырына ғана құлақ асам. Мен ол жанды кездестірдім бе, жоқ па – бұл сұраққа жауап табатыныма да сенем! Сіздерге де кеңесім: өзіңізге, жүрек үніне, армандардың орындалатынына, ғажайыпқа, махаббатқа екінші жартыңызға сеніңіздер! Сенім ақталады! Мальдивадан жалынды сəлем!” – деп жазба қалдырды әнші.

https://kaz.365info.kz/shydap-zhyrdim-erke-esmahan-algash-ret-toregalimen-bolgan-zhanzhal-turaly-ashykh-ajtty-290067

Сонымен қатар, әнші шетелде бір бейнеклип түсіруді жоспарлап жүргендігін де жасырған жоқ.

https://kaz.365info.kz/khyzy-bar-erke-esmahannyn-syjiktisi-turaly-ne-bilemiz-299283

Әр суреттің астына өзінің бақытты екендігін атап өткен әншіні желідегілер жүкті екен деп күмәнданып та жатты:

“Аяғыңыз ауыр ма?” ,”Камераны ұстап тұрған кім екен?”, “Сүйіктісімен бірге демалып жүрген шығар”, деп желідегілер өз кезегінде шуласып жатты.

Бәлкім, ерке әнші ыстық күнмен ғана емес, ыстық махаббатпен де жылынып жүрген шығар…

Естеріңізге сала кетейік, желі оқырмандары танымал әзілкеш, асаба Әли Байжұмат пен Еркенің арасында достықтан үлкен қарым-қатынастың бар екендігін айтқан. Бұған дәлел боларлық бірнеше суреттер де желіде тарап кеткен еді.

https://kaz.365info.kz/ekeui-zhyre-me-erke-esmahan-men-akter-alidin-arasynda-ne-bar-foto-298711

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз