Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
485
+2.51
EUR
525
+1.80
RUB
5.03
+0.03

Аягөзде мұғалім қарындасын 11 жасынан бастап зорлаған

«Өз басымнан өткен жағдайды баяндап берейін. Мен 10 жылдан астам тұрмыстық зорлық- зомбылық көрдім. Менің туысқан ағам Еркебек Жұмаханов мен алты жаста болғанда өзінің жыныстық мүшесін көрсететін. Менің қалауымсыз түрлі порнографиялық фильмдер көрсететін және өзінің арам ісін мен 11-12 жаста болғанда алғаш рет істеп, 16 жасыма дейін жүзеге асырып келді. Мен құзырлы органдарға арыз жаздым. Біздің Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы заң болса да, неге әлі күнге дейін күшіне енбеген? Бір жылдың ішінде терегуімді дәлел шығып тұрса да, үш рет жауып тастады», – дейді жасөспірім қыз.

Оның айтуынша, Еркебек Жұмаханов өзі тұратын ауылдың мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген.

«Сол ауылдың, мектептің қыздарын жыныстық қатынасқа итермелеген. Ол қыздар бас тартқан, кейбіреуі «ұят» деп үндемей отыр. Мен бүкіл қыз-келіншектердің атынан сөйлеп отырмын. Тергеуден пайда болмаған соң өз құқығымды қорғау үшін Алматыда эфирге қатыстым. Бұл жайт кез келген қыздың басынан өтуі мүмкін, сол қыздарға сабақ болсын деп айтып отырмын. «Мені зорлады, бұл ұят» деп тұншығып отыруға болмайды. Зорланғанымызға біз емес, керісінше бізді зорлағандар ұялсын. Педофилдерге көмектесіп, қара көз қыздарды қарабет қылып отырған жоғары жақтағы адамдар ұялсын», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз