Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Аузына қақпақ бола алмайсың”. “Қалаулым” бағдарламасына Ашаның ата-енесі қандай көзқараста?

476

Таңертеңнен кешке дейін созылған келінінің жұмысына Арманның әке-шешесі жақсы көзқараста екен.

“Жоқ, ол кісілер бағдарламаны ұнатады. Өздері де «Қалаулымды» үнемі өткізбей қарайды. Әрине, әр адамның өзіндік ойы болады, олардың әрқайсысының аузына қақпақ бола алмайсың. Әр қатысушы өз пікірін білдіруге құқылы. Оның үстіне, біз жаман ештеңе ойлап тауып жатқан жоқпыз. Бұл бағдарлама тек екі жүректі табыстыру үшін құрылған. Менің ойымша, бұл жақсы іс сияқты. Ойлап көріңізші, Атыраудың жігіті мен Шымкенттің қызы екі жақта жүріп қалай кездеседі? Ал теледидар арқылы кездесуге болады. Сондықтан біз жалғыз жүрген жүректердің қалаулысын табуына көмектесіп жүрміз”,-дейді Аша Матай.

Ал жұмыс уақытында кішкентай Асылымға кім қарайды екен?

“Біз ата-анамызбен бірге тұрамыз. Яғни, менің ата-енеммен. Мен ол кісілерді «папа, мама» деп атаймын. Немерелерін ата-әжесі қарайды және Арманның Таңшолпан деген қарындасын өзімізге шақыртып алдық. Сырттан күтуші жалдамаймыз, бөтен адамдарға баламды қалдыра алмаймын. Мен бәрібір қызымды танымайтын адамға тапсыра алмаймын. Ал Таңшолпан Асылымды қатты жақсы көреді. Мен оның қызыма деген махаббатын көрген соң, жүрегім тыныш. Әдетте мен түсірілім алаңында жүргенде Арман үйде болады, мен үйге келгенде ол өз жұмыстарымен кетеді”,-дейді тележүргізуші

Сонымен қатар, бірнеше мамандықтың басын ұстап жүрген Аша, көңіліне ең жақыны- тележүргізушілік дейді.

“Мен бірінші кезекте өзімді тележүргізуші ретінде көремін. Одан кейін актрисамын. Үшінші кезекте ғана әншілік. Өзімді әншімін деп елестеткеніммен бұл менің жәй ғана хоббиім. Алғашқы мамандығым заңгер, екіншісі журналистика. Бірақ жаныма жақыны сол екінші мамандығым”,-дейді әнші, актриса және тележүргізуші.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз