Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Аузына ие бола алмаған ҰҚК экс-төрағасы туралы не білеміз?

Нартай Нұртайұлы Дүтбаев 1956 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданы Михайловка селосында дүниеге келген. Алдымыздағы 7-қаңтарда ол пайғамбар жасы 61-ге толмақ.

1978 жылы Дүтбаев „металлургия өндірісін автоматтандыру жөніндегі инженер„ мамандығы бойынша Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмәдаған. Ал 1982 жылы Нартай Нұртайұлы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) Минскідегі Жоғарғы курсындағы оқуын аяқтап, КСРО МҚК Мәскеудегі оқу орнының дипломын алып шығады.

1978 жылы ұлттық қауіпсіздік комитетінің болашақ қызметкері «Гипрофосфор» Қазақ ғылыми-зерттеу институтында инженер лауазымнан еңбек жолын бастайды. Алайда көп ұзамай бұл қызмет оның жолы емес екенін түсінеді. Сөйтіп, МҚК-нің оқу орындарындағы оқуын аяқтаған соң, комитетке қызметке кіреді.

1982 жылдан 1986 жылға дейінгі аралықта КСРО МҚК-сының Ставрополь облысы бойынша басқармасында қызмет етеді. Ал 1986 жылы Қазақ КСР-іне қызметке ауысып, 1994 жылға дейін алдымен Қазақ КСР-інің, ал одан кейін Қазақстанның МҚК-де қызмет етеді. Ал 1994 жылдан бастап еліміздегі Мемлекеттік қауіпсіздік емес, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейді.

Жылдар өткен сайын Дүтбаевтың мансабы да біртіндеп жоғарылап отырды. 1998-1999 жылдары ол „Барлау„ қызметінің, яғни, сыртқы барлау қызметі басшысының міндетін атқарушы болды. Ал 2001 жылы президент Нартай Нұртайұлын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындады. Сол кезде ол генерал-лейтенант атағына ие болды.

Алайда 2006 жылы ҰҚК-і „Арыстан„ арнайы бөлімшесі қызметкерлерінің Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты болуына байланысты Дүтбаев отставкаға кетуге мәжбүр болды.

2006 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта комитеттің экс-басшысы ҰҚК-і Академиясына басшылық етті. 2008 жылы ол бірнеше ай мемлекет басшысының кеңесшісі болды. 2008-2009 жылдарда «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорнында қызмет етті.

Кеше, яғни, 28-желтоқсанда Нартай Дүтбаевтың қамауға алынғаны белгілі болды. Оған қызметтік лауазымын асыра пайдалану және мемлекеттік құпияларды жария ету жөніндегі айыптар тағылуда. Қазіргі таңда Дүтбаев бір кезде өзі басқарған комитеттің тергеу изоляторында қамауда отыр.

Дереккөзі: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз