Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ауызға алудың өзі ұят…”. Халал шипажайға барған келіншек өз көзімен көргенін айтты

5561

https://kaz.365info.kz/atam-sun-yatsen-khytajga-tigen-khazakh-khyzy-tyrin-korsetti-video-323898

Расында советский сервант, сықырлаған ағаш еденге төселген советский дорожкі. Мұны көріп кәдімгідей құлазып кетесіз. Құдды уақыт тоқтап қалғандай.

Санаторидің шыға берісінде кафе бар. Кешкісін сырадан, ақтан алғандар гүрілдесе бастайды. Барған адамдар да үлкен кісілер ғой. Айтатыны сол, өткен заман. Бұл санаторий де солардың настолгиясына сай келе қалады.

Әрине, Алакөлдің суының шипасына сөз жоқ қой. Бірақ қызмет сапасы осындай. Күнделікті төлеген 7500 теңгеге төрт уақыт тамақтан бөлек, шипалы ванна ғана кіреді мұнда, болды.

Каргалинка ше?.. Алматыдағы Қарғалы санаториі. Онда да болғам 5-6 жыл бұрын. Бронхым ауырған соң. Өйткені ол арада тұз шахтасы бар. Путевкамды алып, кіріп барсам дәу орыс әйел отыр екен. Қағаздарды толтырып болған соң: «Бірден ескертіп қояйын, тұзды шахта істемейді», – деп дүңк етті.

«Мен сол үшін келдім емес пе» деп ыза боп кеттім. «Істемесе жап санаториіңді, бұл не деген жауапсыздық» деп бұрқылдадым әрі.

https://kaz.365info.kz/zhabysyp-oldi-memlekettik-bagdarlamamen-yj-algan-otbasynda-tragediya-boldy-video-323657

Дәу әйел менің бұл сөзімді елемеді де. Сұмдық қой, иә. Жылына алатын бір демалысыңды жоспарлап, ақшасын төлеп жетіп барсаң, осындай жүрдім-бардым қарым-қатынас сізге. Ұят та болса айтайын, таза бордақылану үшін жаттым сонда. Ақшасын төлеп қойғам, қайтем?.. Төрт уақыт тамаққа барам, болды. Бір-екі процедура болды, бірақ оны емдік деп айта алмаймын. Оның үстіне…

Советтік ескі екіқабатты ғимараттың кейбір бөлмелеріне әлгі орыс әйелдің түнде адамдарды кіргізіп жүргенін де көрдім. Қонақүй құсатып. Расында, ішіп, у-шу боп жатады бір бөлмелер…

Ал мына Керімағаш мүлде басқаша. Демалуға күніне 10 мың төлегенде басында кәдімгідей қымбатсынып қалғаным рас. Сөйтсем, бекер екен.
Шипалы ваннадан бөлек, Керімағашта 5-6 емдік процедура жүреді. Яғни, басыңыз жастыққа тигенше, мұндағылар сылап-сипап емдей береді.

Ішіндегі қатты ұнағаны – ыстық батпағы. Ыстық батпақ жағып, целофанға орап, сыртынан көрпемен қымтап, құндақтап тастайды. Содан борша-борша тер ағады дейсіз. Алматының ылғалы әбден өткен дене, әрине бірден жіби қоймады. Үшінші рет құндақтағанда бәрі босап сала берді, қандай рақат?!

Одан кейінгі кереметі – Душ Шарько. Жер астынан шығып жатқан 90 градус ыстық минеральды су көлдеңінен бар күшімен атқылап тұрады. Сол атқылаған суға бассейнде қай жеріңізде тұз, қай жеріңізде сары су бар, сол араларыңызды төсейсіз. Табиғи массаж ғой.

https://kaz.365info.kz/nege-teptin-tarazda-namaz-okhygan-balalardy-zhazalagan-mygalimnin-kim-ekeni-belgili-boldy-video-327491

Массаж демекші, иықтан жамбасқа дейін массаж да жасалады адам қолымен. Ал адамдар мұндағы – барлығы жабық. Әйелдері орамал тақса, ер адамдардың басында тақия.

Өкінішке қарай, мен жұмаға қала алмадым. Бейсенбі аттанып кеттім. Ал жұма мұнда демалыс екен. Жұмысшылары үшін. Есесіне, күндіз демалушыларға уағыз оқылса, кешкісін ұлттық аспаптарда концерт қойылады. Діни өлеңдер де бар ішінде.

Бүйрегімде құм бар дедім, сондықтан маған тоқ беліме қойылды. Иә, аталған процедуралардан бөлек мұндай да бар. Токпен қыздырады. Біреудің беліне, біреудің аяғына дегендей. Мұны осында келгенде дәрігер белгілейді.

Бұдан бөлек тағы 3-4 ем бар. Ауызға алудың өзі ұят. Оны көру керек.

Айтайын дегенім, күніне 10 мың теңге жұмсағаныңыз үшін еш өкінбейсіз. Айтқандай, мұнда болған бес күн ішінде мен 2,5 келі қосып алыппын. Бұл олардың тамағының құнарлығын байқатады. Бәрі үйдің дәмі. Екі ыстық тамақ пен салаттан бөлек, ыстық бәліш, жаңадан алынған кілегей, үй ірімшігінен жасалған тағамдар, тіпті айранның сары суын да береді. Ал қою тәтті айранды жатарда кешкі тоғызда бөлмеңізге жеткізеді.

Адамдары да ақжарқын, көңіліңізді табу үшін құрақ ұшып тұрады. Оның үстіне, жатын орын – бәрі жаңадан салынған, жиһаз да бәрі бүгінгі күндікі.

https://kaz.365info.kz/davaj-davaj-politsejler-ystap-algan-myna-sakhaldy-zhigitter-birtyrli-khylykh-zhasady-video-327414

Бұл тәуелсіз елдің санаториіне ұқсайды енді. Өзім дән риза болдым. Елімде осындай өзгерістер болып жатыр, жақсы жағынан, онда неге жазбасқа мұны деп ойладым.

PS. Өкінішке қарай, балам ойын жазам деп телефондағы суреттер мен видеоны жойып жіберіпті. Сондықтан Ютубтағы мына бір сілтемелерді салып отырмын қосымша…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз