Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан шеттетілді

Дереккөз мәліметінше, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Олимпиада ойындарында жиі допинг қолданған 9 құраманы әлем чемпионатынан шеттеткен екен. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар.

Сонымен қатар, Ресей, Белорусь, Қытай, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдава елдері де аталған жарысқа бара алмайды. Бұл командалардың әрбірі кемі үш реттен допинг дауына іліккен.

Еске салайық, Пекин мен Лондон олимпиадаларында алтын медаль алған ауыратлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Маяй Манеза, Зульфия Чиншанлоны Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жүлделерінен айырып, бірнеше жылға спорттан шеттеткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз