Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ауылға барған дәрігерге 1 миллион теңге беріледі

122

Басқарма басшысының сөзінше, 1 млн теңге дәрігерлерге Оңтүстік Қазақстан облысында ғана беріледі. Бірақ келісім бойынша ауылды жерлерге жұмысқа баратын мамандарға бес жыл қызмет ету міндеттеледі. Бұған дейін бұл мерзім үш жыл болатын. Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау саласында кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде. Бұл мақсатта 8 582 компьютерлік техника сатып алынған. Жыл соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдарының жұмысы 100% компьютерге көшеді деп жоспарланып отыр. Бірыңғай сервер медициналық ұйымдарын пациент туралы электрондық ақпарат алмасу үшін байланыстырады.

«Жинақ ақпарат автоматтандырылған түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталықта түседі. Қағаз түріндегі құжат айналымы азаяды, бұл өз кезегінде пациенттердің медициналық ұйымдары арасында бос жүруі едәуір қысқарады», – дейді Мұқан Егбізбаев.

Осылайша оңтүстік тұрғындары елімізде алғашқы болып электрондық денсаулық паспорттарын алмақшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз