Бұдан былай аудан орталықтарында кәдімгі ХҚО-ларда жүргізуші куәлігін алуға немесе көлікті тіркеуге болады, деп хабарлады ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің facebook-тегі ресми парақшасы.
«Жол жүрісі қауіпсіздігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында ІІМ «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, әкімшілік полицияның ауданаралық және аудандық тіркеу-емтихан пункттерін (ТЕП) халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезең-кезеңмен орналастыруды жүзеге асыруда.
Көрсетілген іс-шаралар азаматтарға кәдімгі ХҚКО-ларда, басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алумен қатар, көлікті тіркеуге және жүргізуші куәліктерін алуға мүмкіндік береді», делінеді ақпаратта.
Фото: Taskala-bko.gov.kz
https://kaz.365info.kz/realnyj-baga-700-mynga-khandaj-mashine-keledi-303966