Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Ауылда тұратын қырық жастағы әйел 44-ші баласын босанды

180

Уганданың қырық жастағы тұрғыны 13 жасынан бастап босанған, деп жазды Latestly.com.

Мариам Набатанзи Кабимбири ауылында тұрады. Ол бір еркектен алты егіз, төрт үшем және үш төртем туған.

Үлкен баласы 23 жасқа толды. 44 баланың алтауы шетінеп кеткен, яғни қазір бір үйде 38 бала тұрады.

Мариам 12 жасында өзінен 28 жас үлкен ер адамға тұрмысқа шыққан. Әйелдің айтуынша, күйеуі өте қатал адам болып шыққан, болмашы нәрсеге бола соққыға жығып кетеді екен.

Әйелдің айтуынша, жергілікті дәрігер бір кездері оған бала тууды  тоқтатпауға кеңес берген, өйткені, оның айтуынша, ұрықтанбаған жұмыртқа жинақталып қалса, Мариамның өміріне қауіп төнуі мүмкін екен.

Соған қарамастан көп балалы ана жүктілікті тоқтатуға әрекет жасаған. Бірақ ауруы асқынып, комаға түсіп қалады. Соңғы баласын 2016 жылы босанған. Осыдан кейін дәрігерлер әйелдің жатыр түтігін алып тастап, мәселені түбегейлі шешіп беріпті.

Мариамның кейбір кішкентай балалары әкесін танымайды, өйткені жауапсыз әке әйеліне жылына бір рет соғып, содан кейін жоғалып кететін көрінеді.

Угандалық әйел отбасын асырау үшін түрлі жолмен табыс табады. Мысалы, ол емдік шөптер сатып, үйлену тойы әшекейлерін жасайды.

“Маған Құдайдың көзі түзу, себебі олар (балалар) бір күн де аш қалған емес”, — деді Мариам Набатанзи журналистерге берген сұхбатында.

Әйел күніне 10 килограмм ұн, төрт килограмм қант және үш сабын сатып алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз