Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктерін қайта қарастыру қажет

101

Сонымен қатар ол жер мәселесі жөніндегі комиссия отырысы барысында талқыланып жатқан бірқатар мәселелер алаңдатып отырғанын ашық жеткізді.

– Біріншіден, жерді жеке меншікке беру. Осы тұрғыда жеке меншік болу керек деп санаймыз. Қазір талқыланып жатқандай, жерді тартып алу және басқа да әрекеттер арқылы жерге құйылған қаржыдан, жақсы мамандардан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы сұрақ оң шешімін таппайынша инвестиция тарту мәселесін шешу мүмкін емес, – деді АлмасСейітқазинов.

Екіншіден, жеке кәсіпкер ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді бақылау, мониторинг жүргізу жұмыстары күшейтілуі керек деп санайды. Егер мемлекет есебінен бір рет жерге агрохимиялық тексеріс жұмыстарын жүргізіп, кейін ол жұмыстарды жыл сайын меншік иелерінің есебінен жүргізіп тұрса, бұл жердің құнарлылығы мен өнімділігін жақсартуға мүмкіндік береді, сапасын жақсартуға жағдай жасайды, – дейді ол.

«Тағы бір мәселе, ауылшаруашылық саласына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауларды қайта қарастыру керек. Төрт жыл бойы «Агробизнес-2020» бағдарламасы жұмыс істеді. Осы бағдарлама бойынша, мемлекеттік қолдау аясында ұсынылған тетіктермен келісу қиын. Себебі, олар өндіріс көлемін арттырып, локомотив өндіріс ошақтарын дамыту үшін жұмыс істеуі керек. Қазірде оған әлеуметтік бағыттағы бағдарлама ретінде қарайтын болдық. Сондықтан осы орайда мемлекеттік қолдау тетіктерін қайта қарастыру керек деп санаймын», – дейді ойын ортаға салған ЖШС атқарушы директоры.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз