Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Ауыл» партиясы өткен сайлауда не ұсынды?

254
Сурет: мәжілістің баспасөз қызметі
«Ауыл» ұсынысын бірінші рет ұсынып отырған жоқ. Біз партияның алдыңғы сайлау кезеңдерінде қандай идеялары болғанын еске түсіруді ұйғардық.

Өткенге көз жүгіртсек

2002 жылғы 1 наурыз — жаңа саяси бірлестіктің тіркелген күні партияның туған күні болып саналады. Ол кезде ол «Ауыл» қазақстандық социал-демократиялық партия деп аталды және оны академик Ғани Қалиев басқарды. 2003 жылдың 2 сәуірінде партия қайта тіркеуден өтті.

2007 жылы кезекті мәжіліс сайлауы кезінде сайлау науқанына алғаш рет қатысты. Бірақ қажетті дауыс санын жинамағандықтан парламентке өте алмады.

Мәжіліс пен мәслихаттағы сайлау: қазақстандықтарды алда қандай жаңалықтар күтіп тұр?

2011 жылы президенттік сайлауда олар тағы бір әрекет жасамақ болды. Тіпті «Ауыл» өз кандидатын ұсынатынын да хабарлаған, бірақ іс одан әрі өтініш бермеді,  сайлауға қатыспады. Есесіне

2012 жылғы парламенттік сайлауға шығып, мұқият дайындалды

2011 жылғы 2 желтоқсанда «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясының кезектен тыс VIII съезі өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен елордаға 120-дан астам делегат жиналды. Кандидаттардың партиялық тізімінде 23 адамның тегі болды (ОСК-нің соңғы бекіткен тізімінде 18-і қалды). Съезде 2012 жылғы сайлауға арналған платформа мен бағдарлама бекітілді.

Тоқсаныншы жылдары ауыл шаруашылығы құлдырады

Құжаттарда ауылдық жерлердің қажеттіліктеріне — яғни ауыл тұрғындарының табысына, инфрақұрылымның жай-күйіне және т.б. ерекше назар аударылды.

— Әлеуметтік және мемлекеттік құрылымның өзгеруі, ақша жүйесінің құлдырауы, тиісті қаржыландырудың болмауы, ұйымдастырушылық өндірістік жүйелердің бұзылуы, жер мен өндіріс құралдарына меншік мәселелеріндегі әртүрлі реформалар тәжірибелері агроөнеркәсіптік кешеннің тұтас өндірістік циклін тоқтатты, — делінген бағдарламалық құжаттарда.

Сондай-ақ, тоқсаныншы жылдары тек шикізат саласы белсенді дамып, ауыл шаруашылығы құлдырап кеткенін атап өтті. Елдегі жалпы өмір сүру деңгейі де төмен болды. Еңбекке қабілетті халықтың үштен бірінен астамы «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» санатына жатқызылды, 9%-ға жуығы жұмыссыздар.

Әсіресе, табысы ел бойынша орташа көрсеткіштен 2-3 есе төмен ауыл тұрғындары қатты зардап шекті

Құжаттарда бірқатар ұсыныстар айтылды. Мысалы әкімдердің сайланбалылығын ұйымдастыру, мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту, алқа билер сотын енгізу мәселесі көтерілді. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде білім беру және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше назар аударылды. Оның ішінде жаңа ауылдық емханалар мен ауруханалар салу бар. Сондай-ақ, ауыл мұғалімдері мен дәрігерлерінің жалақысын көтеруді, ауылдағы тегін медициналық қызметтердің тізбесін кеңейтуді ұсынды.

Жаңа партия қалай пайда болды

2015 жылдың 26 тамызында партияның Х-ші кезектен тыс съезінде Ғани Қалиев төраға өкілеттігін тоқтатты. Делегаттардың жаңа төрағасы болып партияны әлі күнге дейін басқарып келе жатқан сенатор Әли Бектаев сайланды.

Ал 2015 жылдың 5 қыркүйегінде «Ауыл» ҚСДП-ның кезектен тыс XI съезі өтті. Сол жерде олар бірауыздан Қазақстан патриоттары партиясымен бірігу туралы шешім қабылдады. Екі партия да «Қазақстан 2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының құрамына кірді.

— Біз, «Ауыл» қазақстандық социал-демократиялық партиясы және Қазақстан Патриоттары партиясы еліміздің және азаматтардың мүдделерін негізге ала отырып, жауапты әрі тарихи шешімге келдік – біртұтас ұйым – «Ауыл» халықтық патриоттық партиясына бірігу туралы шешім қабылдадық», — делінген партияның мәлімдемесінде.

Съезд делегаттары да партияның жаңа атауын бірауыздан қолдады. Осы сәттен бастап ол «Ауыл» халықтық патриоттық партиясы деп атала бастады. Төраға болып Әли Бектаев, оның орынбасары болып Патриоттар партиясының бұрынғы басшысы Толымбек Габдильашимов сайланды.

Съезде сондай-ақ «Ауыл» ҰКП Жарғысы мен бағдарламасы жаңа редакцияда қабылданды.

Осылайша, партия мүшелері 2016 жылы өтетін Мәжіліс сайлауына дайындалды.

Осы сайлауға «Ауылға дәстүрді қайтарайық!» бағдарламасын дайындады. Бектаев негізгі тезистерді кезектен тыс, XII съезде белгіледі.

Негізгі бес бөлімі

Бағдарлама бес негізгі бөлімнен тұрды, олардың әрқайсысында бірнеше «даму векторлары» болды.

1. «Ұлы мәдениет — ұлы болашақ». Мұнда ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту жұмысы жарияланды.

2. «Ауыл — елдің алтын бесігі». Ауыл дәстүрлердің өзегі ретінде белгіленді, оны дамыту — жаңғыртудың ең жақсы тәсілі. Мұнда «ауыл инфрақұрылымы» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру ұсынылды. Онда ауылдың дамуына, атап айтқанда, заманауи технологияларды енгізу арқылы назар аудару керек болды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатты пайдалануға ерекше назар аударылады. Бағдарлама авторларының пікірінше,

агроөнеркәсіпті дамыту ел экономикасына елеулі мультипликативтік әсер береді, өйткені халықтың жартысына жуығы ауылда тұрады

3. «Әлеуметтік даму — рухани прогрестің негізі». Бұл тармақ төлемдердегі алшақтықты қысқартуды және бюджет саласының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік кепілдіктер қосуды ұсынды. Сонымен қатар «байлароға салық» салу туралы сөз болды. Ауылдағы медициналық қызметтерге ұлттық сапа стандартын белгілеуді ұсынды.

4. «Нағыз қазақстандық отбасына нақты көмек». Мұнда үш (немесе одан да көп) баласы бар отбасындағы ата-аналардың біріне «отбасылық жалақы» белгілеу ұсынылды.

5. «Жас жол». Бұл тармақ жастар саясатына арналған. Атап айтқанда, «орта арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектері үшін бірінші жұмыс орнын квоталауды, сондай-ақ стипендияларды арттыруды»  ұсынылды.

 2021 жылғы жаңа сайлауға дайындық

2020 жылы қазақстандық партия алаңында жаңа конгломерат пайда болуы мүмкін еді. «Бірлік» партиясы «Ауылға» бірігуді ұсынды. Сол кезде «Бірлік» қызметін және оның бағдарламалық құжаттарын зерделеу үшін жұмыс тобын құрды.

Басы дауға қалған қазақстандық оппозиция әзірге сайлауға қатысарын не қатыспасын білмейді — саясаттанушы

Алайда, топ жетекшісі Қуаныш Сейітжанов бірлестік «саяси дивидендтер әкелмейді және танымалдықты арттырмайды» деп мәлімдеді. Топ мүшелеріне «Бірлік» белсенділігінің тым төмен болуы және оның филиалдары мен бөлімшелерінің жұмысындағы түсініксіз жайттар ұнамады.

Нәтижесінде «Бірліктің» ұсынысы қабылданбады.

2020 жылдың қыркүйек айының соңында «Ауылдың» саяси кеңесі халықты толғандыратын ең өзекті мәселелерді анықтау үшін «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнама өткізілетінін жариялады. Сонымен қатар әр балаға жәрдемақы төлеу туралы ереже де болды.

Жақында партияның Орталық аппаратының басшысы Қуаныш Сейітжанов брифинг барысында сауалнама қорытындысының негізінде енгізілетін жаңа ұсыныс туралы айтып берді. «Ауыл»

мәртебесі мен тұрғылықты жерін есепке алмай, кәмелетке толғанға дейін барлық балаларға жәрдемақы төлеуді ұсынды

— Экономикалық тұрғыдан бұл біздің елімізге қол жетімді, сандарды аспаннан сандарды алған жоқпыз, біздің ұсынысымыз сарапшылардың есептеулеріне негізделген, — деді ол сол кезде.

Бұған дейін мұндай жәрдемақыларға ақшаны тиімсіз бюджеттік бағдарламаларды қайта бағыттау арқылы табуға болатындығы айтылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз