Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ерік Тастембеков әнші Мақпал Исабекова туралы шындықты жайып салды

902

Бұл туралы продюсер «Гәкку ТВ» арнасының «Если честно…» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Күйеуіммен жатыр…». Әртістің әйелі Мақпал Исабекованы ұстап алды (фото)

«Продюсер сен үшін барлық нәрсені шешетін болса, адам бәсеңсіп, кейін жалғыз жұмыс істей бастағанда көп нәрсені білмей қалады. Мақпалдың кетуі мен үшін өте қиын болды. Ол бірінші болып кетті. Бұл 2012 жылы еді», — деп есіне алған ол бұл жайттың салдарынан ол денсаулығын да нашарлатып алғанын айтты.

Оның айтуынша, Мақпалмен ара қатынасының үзілуі оған қатты соққы болған. Денсаулығы нашарлап кеткен ол ауруханадан бір-ақ шыққанын мойындады.

«Шынымды айтсам, алғашқы екі айда оның мансабын блоктап тастадым. Мәселен, маған хабарласып, Мақпалды түрлі іс-шараларға шақырса, мен оған тосқауыл қойып, оның бос емес екенін айтқан кездерім болды. Бұл бір айда төрт-бес рет қана болған еді. Бірақ бұл маған одан қатты ауыр тиді. Сондықтан бір күні Мақпалды шақырып алдым да, бар шындықты айттым. Аз уақыттан соң оған жарнамаға түсу секілді ірі жобаларға жол ашып бердім», — деді ол.

«Былтыр Мақпал Исабекова отандық телеарнаға сұхбат беріп, Ерікпен арада махаббат болды ма,- деген сұраққа: Әрине, махаббат болды», — деп жауап берген еді», — деп сұрақ қойды бағдарлама жүргізушісі.

Продюсер Мақпалмен арада махаббат болғанын растады.

«Жүкті болып қалған ба?». Мақпал Исабековадан жанкүйерлері күдіктеніп қалды (фото)

«Әлбетте, болды (авт. — махаббат). Махаббатты қалай бағалауға болады? Түсінесің бе, саған 20 жастағы бойжеткен келеді. Сен оған барлық нәрсені бересің, ақша ғана емес, ақша деген түк емес. Жаныңды бересің, оның дами түскенін көресің. 24 сағат бойы бірге жүрдік. Осындай кезде махаббаттың пайда болуы заңды нәрсе деп ойлаймын. Ол да маған көп нәрсе үйретті», — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз