Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-13
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Ауруханада жатқан баланың видеосына қатысты дәрігерлер пікір білдірді

145

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер баланың расында да құтырма ауруын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілгенін, алайда ол диагноздың расталмағанын айтты.

“9 қазанда жедел жәрдем бригадасы Жетісай қалалық орталық ауруханасына кәмелетке толмаған баланы жеткізді. Науқасты балалар невропатологы, рабиолог, психиатр және реаниматолог қарап шықты.

Оған симптомдық психоз, елесті синдром диагнозы қойылды. Бірақ кейінірек бұл диагноз расталмады”, – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Айтуларынша, біраз уақыт ем алған соң баланың жағдайы жақсарған.

“Біраз уақыт ем алу керек болды. Алайда баланың ата-анасы стационардан бас тартып, баланың денсаулығына өздері жауапты болатыны жайлы қолхат жазып, баланы үйге алып кетті”, – деді ведомстводағылар.

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен баланың ата-анасы құқық қорғау органдарының өкілдерінен видео авторын тауып, оны таратқаны үшін жазалап, моральдық шығын өтеп беруін сұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз