Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жығылғанға жұдырық қой”. Танымал экономист медициналық сақтандыруды сынға алды

211

Еске сала кетелік,

елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құрмай жатып, құртқан Талапкер Иманбаев 1998 жылы елден жиналған ақшаны алып, шетелге қашып кеткен еді.

Есіңізде ме, полис дегеніңіз жарамсыз қағаз боп шықты емес пе?

Оны Қазақстан билігі 2001 жылы сырттай 9 жылға соттаған болатын. Ол алып қашқан ақша 906 млн 557 мың 840 теңгеге тең болатын.

Кейіннен саяси элиталар арасындағы бақталастар бұл істі қолдан жасаған десті.

Қалай дегенмен де бұл арада халық қатты алданып қалды. Ауызы күйген үріп ішеді демекші, халық бұл бастамаға бірден бас қойып кетеді дегенге ғалым онша сенбейді.

– Конституцияда Қазақстан әлеуметтік мемлекет деп жазылған. Кез келген өркениетті елдің Конституциясында солай жазылады да. Мәселен, Еуропа елдерінде, Жапонияда оқушылар білімді тегін алады, ақылы деген нәрсе жоқ.

Қазір барлық дамыған ел сапалы адам капиталын құруды басты бағыт-бағдар етіп ұстанады. Сондықтан білім беру мен денсаулық сақтау қызметі тегін болуы тиіс. Алайда бізде соңғы кездері әлеуметтік салалар коммерцияланып жекеге кетіп жатыр.

Тәжірибе не дейді?

Мысалы, қаржы министрлігі сайтында жекешелендіруге қойылған медициналық нысандар ішінде апаттық жағдайдағы медициналық нысан да жүр. Ал бұл стратегиялық дүние ғой. Аурухана мен емханалардың түгелі дерлік жекеге кетпекші. Бастапқыда 5 жылға сенімді басқаруға беріледі, – дейді экономист.

Біз мұндайды 90-шы жылдардың басында өткергенбіз.

Ол кезде Кармет Митталға, ал түрлі-түсті металл өндіретін зауыт пен кәсіпорындар Машкеевичке тура осылай – алдымен 5 жылға сенімді басқаруға беріледі деді, содан 2-3 жылдан соң жекешелендіріле салынды. Тендер де жарияланбады, ешқандай ашықтық та болмады.

Жақсы дамыған сала – банк секторын алалық. Оны да кезінде жекешелендірдік. Ал бұл сектор 2008 жылғы дағдарыстан бері ел бюджетіне „мініп„ алды емес пе? Нарық заңымен жұмыс істесе, осы банк секторы істеуі керек еді ғой. Жоқ, таяуда тағы да Ұлттық қордан банк секторын оңтайландыру үшін 10 трлн теңге бөлінді.

Сондықтан қанша жерден коммерциялыққа айналдырсақ та кез келген сала мәселесі қордаланып, аяқтан шала береді. Ал медициналық қызмет сапасын жақсартпай, міндетті сақтандыру туралы әңгіме қозғау әлі ерте деп есептеймін, – дейді Тоқтар Есіркепов.

Міне, осындай былықтардың бетін ашқан Тоқтар Есіркепов:

„Қызмет көрсету сапасы төмен, онсыз да коммерциялық қызметке жүгінуге барынша итермелейтін отандық медицина саласының жарна төле деп сасқаны қайсы„  деген халықта заңды сауал туындайды ғой„ – дейді.

Дағдарыс кезінде қолға алынып жатқан бұл бастама уақытша тіркеу сынды халықтың жүйкесіне тиетін дүниеге айналып жүрмесін деп ескерту жасайды.

Жаңа жүйе не береді?

Айта кетелік, биыл шілде айынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі қолданысқа енгізіледі.

Сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады.

Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Тұрақты жұмысы жоқ адамдар еліміздегі ең төменгі жалақы көлемінің (2017 жылы – 24 459 теңге) 5 пайызын, яғни,

1414 теңге төлеуі тиіс болады.

Бұл жарнаны төлемегені үшін мемлекет айыппұл салмайды. Дегенмен міндетті медициналық сақтандыру жарнасынан жалтарып, мәжбүрлі жағдай туындағанда ол бүкіл қарыз жарнаны өтеуге міндетті болмақ. Сол секілді Қазақстан азаматтығын сақтап, шетелде оқып жүрген студенттер мен қызметкерлер де бұл жарнаны төлеуге міндетті болмақ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады,

оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы. Яғни, қорға салатын қаражаты жоқ жандарға мемлекет ақша төлейді.

Мысалы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар мен ҰОС ардагерлері және мүгедектерге мемлекет тарапынан төлемдер жасалады.

Соны­мен қатар, жұмыссыз жүкті әйелдер мен зейнеткерлер және жұмыссыз ретінде тіркелген, т.б. азаматтарға да жеңілдіктер қарастырылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз