Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Ауру болдым”. Петропавлда кісі өлтірген қыз шыдамай шындықты айтты

25 жастағы Ксения Шестоперова суға кетіп бара жатқан ауылдасын қалай құтқарғанын айтып берген. Алайда сол оқиғадан тура бір жыл бұрын ол әкесімен қосылып арақ ішкен маскүнем көршісін пышақтап өлтірген екен. Мүрдені қораның артына көміп тастап, жылдар бойы ешкімге тіс жармаған. Тек былтыр ар азабын тартқан қыз тәртіп сақшыларына өзі келіп, болған жайды айтыпты.

Бұған оның жазылмас дертке шалдыққаны да себеп болуы мүмкін дейді судья.

“Сот отырыстарында оның сол қылмысы үшін қатты өкінгені көрініп тұрды. Оның үстіне адам құтқару екінің бірінің қолынан келе бермейді ғой. Сондықтан мен айып тағылған бап бойынша ең жеңіл жаза қолдандым. Соның өзі – жеті жыл. Қазір қатерлі ісік ауруына шалдығуына байланысты бостандыққа шығуы да мүмкін”, – деді СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сергей Викторенко.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз