Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Аулақ жүріңдер!”. Атышулы Әсел Баяндарованың анасын көлік қағып кетті

Блогердің сөзіне сенсек, оның анасы көшені ережеге сәйкес, жасыл түс жанғанда кесіп өтпек болады. Алайда  көлік жүргізушісі оны қағып, кейін емханаға жеткізген.

Оқиғаға кінәлілер Әселдің анасынан болған жайтты тәртіп сақшыларына айтпауды өтініпті.

https://kaz.365info.kz/41-ge-toldym-figuram-ali-kyshti-asel-bayandarova-tagy-sheshindi-foto-291737

“Тіпті еміне бар қаражатты төлейміз деген уәдемен ақылы травматология бөліміне жатқызған екен.

Әрине тек әжем өзі құлап қалғанын айтып, шындықты ешкімге жария етпейді деген шартпен”, – дейді Әсел.

Блогер бұл жайтқа ашулы екенін жасырмады.

“Менің анама психологиялық тұрғыдан әсер етуді доғаруларыңызды сұраймын. Аулақ жүріңіздер.

Сіздер екі қылмыс жасадыңыздар. Біріншіден, жылдамдықпен адамды жүргіншілер жолында қақтыңыздар, екіншіден, қарт кісіні алдадыңыздар.

Сіздер жарақаттан есі кіресілі-шығасылы күйге түскен зардап шегушіге қысым көрсетпей, мені хабардар етуге тиіс едіңіздер...”, – дейді Баяндарова анасын қаққандарға.

https://kaz.365info.kz/men-maladespin-asel-bayandarova-nesimen-makhtanyp-otyr-276963

Ол оқиға күндізгі бірлер шамасында болғанымен, бұл жайтты тек кешкі онда білгенін алға тартты.

Әсел жол апаты болған Наруызбай батыр мен Қазыбек би көшесінің қиылысында бейне бақылау камерасы барын және оқиға куәгерлері де табылатынын ескертуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз